Оқушылардың есеп шығаруға ынтасын арттыру, алған білімдерін тереңдету

Скачать

Солтүстік Қазақстан облысы,
Есіл ауданы, Мектеп ауылы,
Мектеп негізгі мектебі КММ
математика және информатика пәнінің мұғалімі
Балахметова Роза Балгабаевна

Тақырыбы: Дарындылар додасы

Мақсаты: Білімділік: Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру. Оқушылардың есеп шығаруға ынтасын арттыру, алған білімдерін тереңдету.
Дамытушылық: Ой - өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін, білімге құштарлығы, зейіні дамыту, ұйымшылдық қабілеттерін дамыту. Алдынғы алған білімдерін сараптап қажеттісін қолданып, салыстыра білуіне үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұжымшылдыққа, жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру.
Типі: Білім дағдыларын жетілдіру сабағы
Түрі: Жарыс сабақ.
Көрнекілігі: компьютер, қанатты сөздер, бағалау парағы.

Сабақ барысы:
1 - жүргізуші:
Асыл тастан, өнер жастан
Шығады деп дарынды
Халық айтса қалт айтпайды
Әрқашанда нанымды - деп Абай атамыз айтқандай
Өмірдің өзі сайыс, ойын .
2 - жүргізуші:
Бүгін біздің сыныпта математика пәнінің алғырлары күш сынасып,
өздерінің білім деңгейін көрсетпекші

1 - жүргізуші:
Шақырамыз, келіңдер жарысуға.
Күш, өнер, біліммен алысуға
Бар өнерді салайық, ортамызға
Қанеки, кім шығады сайысуға
Ортаға сайыскерлерді шақырамыз.

2 - жүргізуші:
Сонымен, құрметті көрермендер, сайысымызды бастайық.
Сайысымыздың алғашқы туры - Бәйге
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,
Бәйге, бәйге, бәйге бір көріңіз

1 - жүргізуші:
Бұл тур бойынша сайысқа қатысушы тұлпарларға сұрақтар қойылады.
Кім бірінші белгі берсе, сол жауап береді.
Әрбір дұрыс жауапқа 10 – ұпай
Тур. Бәйге (слайд)
1. Жақша алдында минус таңбасы болса, жақша қалай ашылады?
( Жақша ішіндегі алгебралық қосындылардың таңбалары қарама – қарсы таңбаларға өзгереді)
2. Қандай өрнек әріпті өрнек деп аталады?
(Құрамында әріпі бар өрнек әріпті өрнек деп аталады )

2 - жүргізуші:
Ана тілің - арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте - дей келе сайысымыздың келесі туры
Тіл - өнер бөлімін бастаймыз.

1 - жүргізуші:
Бұл бөлім бойынша сайыскерлерімізге жұмбақ немесе мақал - мәтелдерден және геометриялық ұғымдардан сөз жасырылады.
Жауабын екі тілге аудару керек.
Жауабын дұрыс тауып 10 ұпай, аударса 20 ұпайға ие боласыңдар.

Тур. Тіл - өнер (слайд)
1. Кез келген екі нүкте арқылы нені жүргізуге болады
(түзу - прямая)
2. Бір нүктеден шығып екі сәуледен құралатын геометриялық фигура
(бұрыш - угол)
3. Бір нүктемен шектелген түзудің бөлігі
(сәуле - луч)
4. Тік бұрыштан кіші бұрыш
(сүйір - острый )
5. Көп сөз – күміс,
Аз сөз - ____.(алтын – золото)

2 – жүргізуші:
Қойылған сұрақ, есепке,
Ойланып жауап іздейік.
Уақытты текке өткізбей
Лезде шешіп өтейік.
Сайысымыздың келесі айналымына көшейік...

1 – жүргізуші:
Сайысымыздың келесі бөлімі Ғажайып бестік
Бұл бөлімде оқушылар компьютерде кесте бойынша сұрақтар таңдайды.



Скачать


zharar.kz