Дүниетану 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Жануарлар тіршілігіне не қажет?
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды әлемдегі ғажаптар туралы, жануарларды қорғау , жануарларға көмек деген ұғымдармен таныстыру. Оқушылардың бойына Табиғат – Анаға деген қызығушылықты, балалардың табиғатты тану, оны қастерлеу, үнін естіп тыңдауға деген қызығушылықтарын ояту. Балалардың бойына Жер ғаламшарындағы барлық тірі затқа жауапты қарау қажеттілігін сіңіру.
Әдістер: әңгімелеу, түсіндіру, оқулықпен жұмыс, жаттығу, ойын,
тәжірибелік жұмыс.
Құрал жабдықтар: шар, тасбақа, гүл, оқулық, түсті қағаз, мата, дәптер.
Сабақтың барысы:
1. Шаттық шеңбері
Дөңгелене тұрып, бір - бірімізге жылы сөз айтайық.
– Қайырлы күн, Алина!
– Қайырлы күн.
(әрі қарай осылай жалғаса береді)
2. Әлемді өзіміз жасап көрейік.
Қолыма үрленбеген шарды алайын да, үрленгенше
үрлеймін.
Бұл - әлем.
Әлем дегеніміз – ғалам, жер шары, дүние. Онда өмір сүріп жатқан адамдар. Адамдар бір – біріне қамқорлық жасап, мейрімді болып, сүйіспеншілік сезімдері арқылы қарым - қатынас жасаса. Сонда ғана әлемде бейбітшілік орнайды. Ал бейбітшілік – бәріміздің жан тыныштығымыз.
Шардың үстіне ұсақталған түрлі түсті қағаздар жабыстырамын. Бұл – жануарлар әлемі, өсімдіктер әлемі. Олардың барлығы жер бетінде тіршілік етеді. Өсімдіктер әлемімен танысып кеттік, енді жануарлар әлемімен танысамыз.
Ғалымдар жануарларды бірнеше топқа бөлген.
• Ең ерте кезде өмір сүрген жануарлар (диназавр түрлері)
• Сүтқоректілер
• Бауырымен жорғалаушылар
• Құстар
• Қос мекенділер
• Балықтар
• Омыртқа жануарлар
• Жойылып бара жатқан жануарлар
3. Қызықты хабарлама
Өсімдіктер туралы өткендерімізді еске түсірейік. Алдымызда құлпырып өсіп тұрған өсімдік тұр.
– Қоректі қайдан алады?
– Өсімдік қоректі табиғи заттардан алады.
Су – топырақ - ауа – күн жылуы – жарық.
– Бүгін бізге ең ұзақ жасайтын бауырымен
жорғалаушы тасбақа қонаққа келді. Олар 100 жылдан артық өмір сүреді. (Өзінің тасбақасына зерттеу жүргізген оқушы қызықты хабарлама айтып береді).
4. Әңгімелесейік.
Өсімдік қоректі табиғат заттарынан алса, жануарлар өсімдіктерді жейді немесе бір бірін жейді. Жануарлар жүре алатын және сезе алатын тіршілік иелері. Жануарлар жер бетінде балдырлар мен саңырауқұлақтардан кейін пайда болған. Мысалы, суық, ыстық сулы жерлерде өмір сүретін жануарлар бейімделген жерлерінде ғана мекендейді. Егер өздеріне қолайлы өмір сүретін ортасы жойыла бастаса жануарлар құрып кетеді.
– Неге өсімдіктер жап - жасыл болып тұрған өсімдіктерді жейді, ал шіріген өсімдіктерді жемейді?
5. Тәжірибе жасайық
Матаның бір қиығын алып, ортасынан кесу керек, сонан соң жапырақтың үстінен жапсырып қою қажет. Бір - екі күн өткен соң матаны алып тастау керек. Бұдан кейін жапырақтың тұрған бөлігі жасыл түсін жоғалтқанын көреміз. Өйткені жарықтың жоқтығынан жапырақ хлорофилін жоғалтады.
– Бұл өсімдікті тасбақа қалай өзіне пана қыла алады?
6. Ішкі ойларды орнықтыратын үн.
Құстардың әдемі үнін, сылдырлап аққан судың,
сыбыр еткен ағаштың дыбысын, жан - жануарлардың
дауыстардың тыңдаңдар. Көз алдарыңа елестетіп сурет
салу, бейнелеу.
7. Жариялау
Өздері салған суреттерін көрсету, қандай жануар түрі екенін айту.
8. Оқулықпен жұмыс.
Оқулықта берген мәтінді оқу.
Оқулықтағы суретпен жұмыс.
9. Көңілді үзіліс.
Ол ең ірі динозаврдан да үлкен. Бір көк киттің салмағы 150 жеңіл машинаның салмағына тең. Киттің ұзындығы 30 метр, салмағы 130 - 150 тонна. Киттің үстіне сегіз піл тұра алады.
Құрлықтағы ең үлкен жануар – піл.
Ең биік сүтқоректі – керік.
Ең жүрдек сүтқоректі – қабылан.
Теңіз жануарларының ішіндегі ең ақылдысы – дельфин. Олар үнемі күліп тұрған кейіпте.
Күз айларында тиіндер еменнің жаңғағын қыста азық жоқ кезде жеу үшін жерге көміп қояды. Уақыт өте келе олар жемін қай жерде көмгендерін ұмытып қалады. Ал көктем шыға бұл жаңғақтар көктеп, кішкентай емен ағаштарына айналады. Осылайша тиіндер ағаш егетін болып шықты.
10. Үй тапсырмасы.
Өздеріне ұнаған жануарлар туралы ақпараттар іздеп, жинақтау.
11. Жүректен – жүрекке шеңбері
• Бәріміз дөңгелене тұрайық. Енді тұрған күйіңізде қолдарыңды кеуделеріңе қойып,
жүректеріңнің қалай соғып тұрғанын көріңдер.
Тізбектеліп тұрып та, бір бірлеріңнің жүректеріңнің қалай соғып тұрғанын көріңдер.
Ендеше өсімдіктердің де, жануарлардың да жүректері осылай соғып, бізден көмек сұрап тұрады. Біз оларды қорғауымыз керек.
• Мынау күтілмеген гүл. Ол бізден көмек сұрап тұр. Егер біз гүлдің қасына барып, жылы сөз айтатын болсақ, ол өсімдік құлпырып өсетін болады. Бұл жылы сөздер сендердің жүректеріңнен шығатын болсын.
• Өзіміздің топтық ұранымызбен сабақты аяқтаймыз. Қағаздан қиып жасаған жүректеріңді бір бірлеріңе сыйлаңдар.