Астана қаласы,
№64 мектеп - лицейінің
бастауыш сынып мұғалімі
Арпабаева Баян Габбасовна
Қазақ тілі
Сабақтың атауы: Дыбыстардың жазылуы
Сілтеме: Қазақ тілі оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы: Үлестірмелі парақшалар
Жалпы мақсаттар: Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушылардың фонетика тарауынан алған лингвистикалық білімдерін жаттығу жұмыстары арқылы бекіту.
2. Тәрбиелік: оқушыларды еңбекке, елдікке тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: оқушылардың ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту, лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, дыбыстық талдау дағдыларын дамыту.
Сабақтың типі: қайталау сабағы
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, жаттығу.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты үлестірмелер.
Топқа бөлу
Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.
Ынтымақтастық атмосферасы
Әрбір адам – досым, сыныптасым,
Әрбір ісің – тірлік, тірек, адамдық.
Әрбір сөзің – шындық, бірлік, адалдық,
Әрбір сабақ – үйрену, оқу, іздену.
Үй тапсырмасын сұрау Өткен сабаққа байланысты сұрақтар қою
Қызығушылықты ояту Қай жағынан оқысаңдар да, белгілі бір мағынаны білдіретін 10 - 15 сөз теріп жазыңдар.
Түс - сүт, сақ - қас, лақ - қал, сал - лас, қазақ, қызық, құс - сұқ, тақ - қат.
Сөздің басы мен соңғы бірдей дауысты немесе бірдей дауыссыз болып келетін 10 сөз тауып жазыңдар.
Алма, іні, ынталы, арна, арпа, әже, өлке, арба, айна, аққала.
Қасық, қақ, балық, жастық, қар, тас, төл, сал, қыр, мал.
Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс