Сыныбы: 9 - сынып
Тақырыбы: § 55. Оттекті органикалық қосылыстар. Спирттер
Мақсаты:
1. Білімділік. Оттекті органикалық қосылыстар. Спирттер. Спирттердің жіктелуі. Этил спиртінің алынуы, химиялық қасиеттері жайында мәлімет беру.
2. Тәрбиелік: Оттекті органикалық қосылыстар. Спирттерді түсіндіре отырып, оқушыларды тазалыққа, қоршаған ортаны қорғауға, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға, қоғамдық сана мен алкогольге қарсы болу керек жайында тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Оттекті органикалық қосылыстар. Спирттерді түсіндіре отырып, Химия пәнінен алған білімдерін жетілдіру, өз бетінше іздену қабілетін дамыту.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі: Аралас сабақ (тірек сызба, )
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, химиялық диктант
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, Д. И. Менделеев кестесі
Пән аралық байланыс: физика, математика, биология
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу, түгелдеу
Оқушылардың құрал – жабдығын тексеру
Оқушылар назарын сабаққа аудару
ІІ. Оқушы білімін жан - жақты тексеру:
Кім көп біледі?
1. Ертедегі адамдаржылу энергиясын неден алған?
2. Қазіргі кезде жылу энергиясы қалай өндіріледі?
3. Отын энергиясыкөздеріне қандай заттар жатады?
4. Отынның жылу шығарғыштығы деген не?
ІІІ. Жаңа түсінік беру.
Спирттердің құрамында гидроксил тобы – ОН болады. Гидроксил тобы – спирттердің функционалдық тобы. Функционал тобы деп заттың осы класына тән химиялық қасиеттерін анықтайтын атомдар тобын айтады. Құрамындағы сутек атомдары бір немесе бірнеше гидроксил топтарымен алмасқан көмірсутектердің туындылары спирттер деп аталады. Мысалы, метил спирті СН3ОН метанның СН4 туындысы. Спирттер құрамындағы гидроксил топтарының санына байланысты бір атомды және көпатомды болып бөлінеді. Құрамында бір гидроксил тобы бар метил және этил спирттері – біратомды спирттерге, ал бірнеше гидроксил топтары бар этиленгликоль мен глицерин – көпатомды спирттерге жатады. Біратомды спирттердің жалпы формуласы ROH, бұндағы R - көмірсутек радикалы.
Жаңа түсініктер мен іс - әрекеттер тәсілін қалыптастыру.
Жаңа ұғымдар: Спирт сөзі латынның spiritus vini - шараптың рухы
Алкоголь (арабша alcohol – майда ұнтақ) шарап рухы
V. Мұғалімнің проблемалық және ақпараттық сұрақтар
1. Оттекті органикалық қосылыстардың қандай түрлерін білесіңдер?
2. Спирттер деп қандай заттарды айтады?
3. Спирттер қалай жіктеледі?
Жаңа түсінікті тексеру
Металонның физикалық қасиеттері мен адам организміне әсері туралы айтып беріңдер
Этил спирті қайда қолданылады?
Жаңа сабақты бекітуге арналған жаттығулар.
Жаңа сабақты қорытындылау.
Спирттердің құрамында гидроксил тобы (ОН) болады. Біратомды спиртердің өкілдері – метанол СН3ОН және этанол С2Н5ОН. Этанол қантты заттар ашыған кезде түзіледі. Метанол мен этанол физиологиялық белсенді және улы заттар. Этил спиртін жиі қабылдау адамдарды алкоголизм ауруына душар етеді. Этанол еріткіш, мотор отынына қоспа ретінде пайдаланылады және көксағыз, лак, т. б, алуда қолданылады.
Оқушылар еңбегін бағалау.
Үй тапсырмасы: §55. Оттекті органикалық қосылыстар. Спирттер
№ 11 есеп (180 - бет)