Қайталау есептерін шығару

Скачать

Параллелепипед және тікбұрышты параллелепипед тақырыптарын қайталау, есеп шығару
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларды параллелепипедтің, тік бұрышты параллелепипедтің анықтамаларын және қасиеттерін есеп шығаруда қолдана білуге үйрету, өткен сабақтағы білімдерін толықтыру.
2. Модельдермен жұмыс жүргізу арқылы геометрия пәніне оқушылардың қызығушылығын арттыру, психологиялық ерекшеліктерін, ойлау қабілетін, есте сақтау, елестету қабілеттерін дамыту.
3. Оқушыларды табандылыққа, адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру (оқушыларды түгендеу, оқу құралдарының толықтығын тексеру)
2. Үй тапсырмасын тексеру.
I. Өткен сабақтағы материалдарды сұрақ - жауап ретінде қайталау.
а ) тікбұрышты параллелепипед деген не?
б ) тікбұрышты параллелепипедтің қанша симметрия жазықтығы бар?
в ) куб деген не?
г ) көлбеу параллелепипедтің табаны тік төртбұрыш бола ма?
д) кубтың симметрия осьтерін және симметрия жазықтықтарын көрсетіңдер
е) параллелепипедтің қималарын салу.

II. Қайталау есептерін шығару.
Алдымен тікбұрышты параллелепипедтің және кубтың беттерінің ауданы мен толық бетінің ауданы формулаларын оқушыларға қайталатып жатқа жазғызу керек..
Арнайы дайындалған сызбалар бойынша ауызша есептер шығару:
А) Тікбұрышты параллелепипед қабырғаларының өлшемдері 4 см, 2см және 4 см. Параллелепипедтің диагоналінің ұзындығын есептеңдер

Алматы облысы, Талғар ауданы,
№31 орта мектебінің математика
пәні мұғалімі: А. А. Тұрысбекова


Скачать


zharar.kz