Ауызша сұрақтар. Тест тапсырмаларын орындау

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Квадрат теңдеулерді қайталау
Мақсаты:
Білімділік: Кең ауқымды білімін қалыптастыру
Дамытушылық: Жан - жақты ойлауды дамыту
Тәрбиелік: Салыстырмалы танып - білу, ұжымдық сезімін ояту
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Ауызша сұрақтар. Тірек - сызба арқылы тарауды қайталау
3. Комплексті есептер
4. Деңгейлік тапсырмалар
5. Пысықтау. Тест тапсырмаларын орындау
6. Үйге тапсырма
7. Бағалау
1. Ой толғау (ауызша сұрақтар )
1. Қандай жағдайда ах²+вх+с=0 квадрат теңдеу деп аталады? (а≠0, х - айнымалы а, в, с - нақты сандар болғанда)
2. 3х²- 5х - 2=0 теңдеуінің коэффициенттерін ата. (а=3, в=- 5, с=- 2)
3. х²- 8х - 9=0 теңдеуінің түбірін ауызша табыңдар. (х1=- 1; х2=9)
4. Квадрат теңдеудің нақты түбірі неге байланысты болады? (дискриминантқа)
5. а=1, в≠0, с≠0 теңдеуді қандай теңдеу деп атайды? (келтірілген)
6. Виет теоремасын тұжырымдаңдар.


Скачать


zharar.kz