Сабақтың тақырыбы: Жолбарыс пен түлкі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды ертегімен таныстыра отырып, ертегідегі негізгі ойды өздеріне таптырып, өз сөзімен жеткізе білуге жағдай жасау.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлауын, есте сақтауын және байланыстыра сөйлеу қабілеттерін дамыту, шығармашылық қабілеттерін байқау, дамыта түсуге жағдай туғызу.
Тәрбиелік: Оқушыларды бірлік, ынтымақтастық сияқты әдеттерден үйреніп, осы ертегі мазмұны арқылы жаманнан жирендіруге тәрбиелей отырып, топпен ұжымдаса жұмыс істеулеріне жағдай туғызу.
Сабақтың әдісі: СТО стратегиялары Тірек сөздер арқылы әңгіме (сурет бойынша) , Алты қалпақ , Автор орындығы
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, үлестірме парақшалар, қағаз, маркер, слайд
І. Қызығушылықты ояту.
Шеңберге тұру.
- Балалар, көңіл - күйлерің қалай?
- Тамаша?
- Сабаққа дайындықтарың қалай?
- Керемет!
- Ендеше сабағымызды бастайық!
- Бастайық!
Топқа бөліну. Ұлттардың аттары жазылған қағаздарды алу арқылы ( қырғыз, чех, түрікмен, орыс, неміс, тәжік) Топ ережесін қайталау.
- Балалар, жақында қандай мереке?
- 1 Мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні.
- Біз де Менің алыстағы достарым бөлімінде өзге ұлт жазушыларының шығармаларымен танысып жатырмыз. Әр топ өздеріне түскен ұлттың біз оқыған шығармасын атайды.
- Қай ұлттың шығармасын оқыған жоқпыз?
- Ендеше, бүгін тәжік ертегісінің желісімен жазылған М. Әлімбаевтың Жолбарыс пен түлкі ертегісімен танысамыз.
ІІ. Мағынаны тану.
Тірек сөздер арқылы әңгіме (сурет бойынша) әдісі.
Тақтада жолбарыс, түлкі, терең сай суреттері көрсетіледі. Болжам бойынша ертегі құрастыру. Жеке өз болжамдарын жазу, топта талқылау, әр топтан бәр оқушы Автор орындығына шығып оқу.
Оқулықпен жұмыс.
Ертегіні оқушыларға оқыту.
Өз болжамдары мен ертегіні салыстыру, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу.
Сөздік жұмыс.
Үптеген – жеп қойған
Нәубет – қиыншылық, қырсық
Топтарға сұрақ:
- Егер өзіңді біреу мақтаса, қандай сезім билеп кетеді?
- Сен достарыңды жиі мақтайсың ба? Жиі мақтау дұрыс деп санайсың ба? Неге?
Әр топ өз ойларын ортаға салады.
ІІІ. Ой толғаныс. Рефлексия.
Алты қалпақ әдісі.
Ертегіден қандай қорытынды ой шығаруға болады?
Ақ телпек - статистикалық (дәлелдер келтіреді). Мақтағанға дандайсыған жолбарыс түлкінің арбауына түсті. Мақтауға желікпеу керек. Өйткені ол өзіңе зиян келтіреді. Кез келген мақтауды сабырмен қабылдай білу керек. Мен осы мақтауға лайықпын ба? деп ойлану керек.
Сары телпек - сәттілік. Түлкі өзінің айласының арқасында жауынан құтылып, аман қалды. Жолбарыстың дандайсығаны түлкі үшін сәтті болды.
Қара телпек - сәтсіздік. Жолбарыс сәтсіздікке ұшырады. Түлкінің алдауына сеніп, мерт болды. Мақтауға желікті. Қолынан келмейтін іс істеп, өзіне зиян келтірді.
Көк телпек - аналитикалық (талдау). Бұл ертегіде түлкі қу, айлакер, ал жолбарыс аңқау, даңғой, мақтаншақ. Жолбарыс түлкінің өтірік мақтағанына сеніп, көңіліне желік кірді. Түлкіге өнер көрсетпек болып, өзінің қолынан келмейтін іске кірісті де, ақыры мерт болды.
Жасыл телпек - шығармашылық (ақылға сыймайтын болжамдар айту). Жолбарыс түлкіге алданған жоқ. Оның сөзінің жалған екенін білді. Түлкіге өзінің әкесінің ондай ерлік жасамағанын айтты. Түлкіні өтірік айтпауға шақырды. Сөйтіп, екеуі дос болды.
Қызыл телпек - сезімтал. Бұл ертегіні оқу барысында түлкі жолбарыстан қорыққанда түлкіге деген аяушылық сезімі болды. Жолбарыстың түлкіні бірден жеп қоймай, неге жылағанын сұрағанына таң қалдым. Түлкінің жауынан құтылу үшін ойлап тапқан айласына, тапқырлығына риза болдым. Жолбарыстың соншама күш иесі бола тұра түлкінің алдағанына сенгеніне өкіндім.
Әр топ презентацияға дайындалып, қорғайды.
- Бүгінгі сабақта не ұнады?
Үйге: Ертегі идеясына сай мақал - мәтелдер жазып келу.
Бағалау. Топ басшыларының бағалауын тыңдап, мұғалім бағалайды.
Бағалау парағы