Online сабақ – 7 сынып математика
Математика ойды да, сөзді де жүйеге келтіріп қоймайды, шешендікке де, тиянақтылыққа да, сөзділікке де үйретеді (Халық даналығы).
Көпмүшелерге амалдар қолдану
Көпмүше
Көпмүше деп бірмүшелердің қосындысын айтамыз
2a ²- 3b ³; 7b ³- 4a - 2, 5.
Көпмүшенің стандарт түрі
Кез келген көпмүшені стандарт түрде жазуға болады. Ол үшін:
Көпмүшенің әрбір мүшесін стандарт түрде жазу керек;
Ұқсас мүшелерді біріктіру керек.
2a•4b - 5abac+9bc•3c = 8ab - 5a ²bc +27bc ²
Көпмүшені бірмүшеге көбейту
Көпмүшені бірмүшеге көбейту үшін бірмүшені көпмүшенің әрбір мүшесіне көбейтіп, шыққан көбейтінділерді қосады
(a+2b+c)(3ab)=a•3ab+2b•3ab+c•3ab=3a2b+6ab ²+3abc
Көпмүшелердің алгебралық қосындысы
Көпмүшелердің алгебралық қосындысын стандарт түрдегі көпмүше ретінде жазу үшін жақшаларды ашып, ұқсас мүшелерді біріктіру керек.
(2n ²- m)-(n ²- m ²+3q ²)=2n ²- m ²- n ²+m ²- 3q ²=n ²- 3q ²
Көпмүшені көпмүшеге көбейту
Көпмүшені көпмүшеге көбейту үшін бірінші көпмүшенің әрбір мүшесін екінші көпмүшенің әрбір мүшесіне көбейтіп, шыққан көбейтінділерді қосу қажет.
(2a - 4b+3c)(5b - c)=10ab - 2ac - 20b ²+4bc+15bc - 3c ²= 10ab - 2ac - 20b ²+19bc - 3c ²
№41 ЖББОМ математика пәні мұғалімі
Нәжмәдин Мәдина Ержанқызы
Көпмүшелерге амалдар қолдану. слайдты жүктеу