Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру
Тақырыбы: Топта ұшып жүрген түрлі - түсті шарлар
Мақсаты: Кең - тар , ұзын - қысқа сөздерін дұрыс қолдану және ретімен санау қабілеттерін тереңдету.
Міндеттері: Дыбысты шығаруға және оны санауға, қортынды санды атауға үйрету.
Ақыл - ойын, зейінділігін, байқағыштығын дамыту.
Достық мерекесі туралы түсініктерін арттыру.
Қажетті құрал - жабдықтар, көрнекіліктер: Сурет Достық күні мерекесіне қалалық паркте, Аттракционға билет , геометриялық пішіндер, Ұшақ - кілемше - геометриялық пішіндер, бубен, сылдырмақ, ширма, шарлар, ұзын - қысқа жіптер.
Мотивациялық - қозғаушы
Екі қуыршақ келеді біреу орыс, біреу қазақ?
Тәрбиеші Достық туралы тақпақ оқиды...
Достық күні мерекесіне қалалық паркте қандай ойын сауықтар болады?
- Қалалық паркке барғыларың келеді ме?
Ендеше екі топқа бөлінейік: І топ - шығармашылық орталығында, қазақ ұлттық тақия әшекелейді, ІІ топ - дамыту орталығына, қалалық паркке барады
Ұйымдастыру іс - әрекеті
Дидактикалық ойын: Аттракционға билет аламыз
Балалар аттракционға бару үшін біз билет алуымыз керек, балаларда билетте дөңгелектер бірден үшке дейін, үш түсті (қызыл, сары, жасыл)
- Билеттердің түсі қандай?
- Қанша билетте дөңгелектер болса сонша орындықта дөңгелектер болу керек,
тәрбиеші балалардың тапсырманы орындағаның тексереді.
Дидактикалық ойын: Сиқыршы
Мақсаты: геометрикалық пішіндерді сезіп тану
- Балалар, сендер сиқыршы болғыларың келеді ме?
Менде сиқырлы қалта бар, оның ішінде әр түрлі геометриялық пішіндер, сендер қолдарыңды сиқырлы қалтаға салып, мен айтқан пішінді сипаттап алып шығарыңдар деп түсіндіреді.
Мысалы: дөңгелекті алып шығар, түсін айт, солай ойын жалғаса береді
Дидактикалық ойын: Ұшақ - кілемше
Мақсаты: зейінділігін дамыту, кең - тар сөздерін қолдануды ұсынады
Балалар, сендер ұшақ - кілемшемен ұшқыларың келеді ме?
Бірақ та біздің кілемше жыртылып қалыпты, оны жөндеу керек, жамауларың (геометрикалық пішіндер) тауып алып кілемшеге қою.
Біз ұшақ - кілемшені жамадық, енді ұшып кетуге де болады: Бір, екі, үш
Сергіту сәті
Біз кішкентай баламыз,
Өсіп - өніп толамыз,
Көкке қарап, талпынып,
Күнге қолды созамыз.
Қанат қағып ұшамыз,
Қарлығаштай қалықтап,
Бір отырып, бір тұрып,
Бір тынығып алайық.
Дидактикалық ойын: Қанша - сонша
Үстел астынан ширманың артынан бубен, сылдырмақ соғып, балалар, қанша дыбыс естісе сонша шарлар пішінін көрсету керек.
Дидактикалық ойын: Шарлар ұшып жүр
Балалар, бізге қуыршақтар шарлар сыйлап жатыр, бірақ та оларда жіптері жоқ, біз оларға кең - тар , ұзын - қысқа жіптерін түсіне сай тауып берейік.
Топта ұшып жүрген түрлі - түсті шарлар. жүктеу