Идеал газ үшін МКТ - ның негізгі теңдеуі

Скачать

І. Сабақтың тақырыбы: Идеал газ үшін МКТ - ның негізгі теңдеуіне есеп шығару
ІІ. Сабақтың мақсаты:
білімділігі: Оқушыларды идеал газ үшін МКТ - ның негізгі теңдеуіне сүйеніп есеп шығаруға үйрету, жеке тапсырмалар беру арқылы білімдерін тереңдету.
дамытушылығы: Оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, ой-өрістерін қалыптастыру, білімге деген құштарлығын арттыру.
тәрбиелілігі: Оқушыларды ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, өз бетінше ізденуге, бір-біріне көмектесуге тәрбиелеу.
ІІІ. Сабақтың көрнекілігі: тірек сызба, электронды оқулық, сұрақ кеспелері, тест тапсырмалары, түрлі - түсті фишкалар
ІV. Сабақтың әдісі: оқытудың модульдік технологиясы
V. Сабақтың түрі практикалық сабақ

VІ. Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеріп, оқу - құралдарының дайындығын қадағалау.
Оқушылардың білімі түрлі - түсті фишкалар арқылы бағаланады.
өте жақсы - қызыл
жақсы - сары
қанағаттанарлық – көк түсті
толық емес жауап – жарты көк түсті фишкамен белгіленеді.

2. Еске түсіру кезеңі
Қайталау сұрақтары:
1. МКТ деген не?
2. МКТ - ның негізгі қағидаларын атаңдар
3. МКТ - ның негізін салған кім?
4. Идеал газ деп қандай газды айтады?
5. Идеал газ үшін МКТ - ның негізгі теңдеуі.
6. Идеал газ молекулаларының орташа квадраттық жылдамдығы неге тең?
7. Газ молекулаларының Ек мен температурасы арасындағы байланыс қандай?
8. Газ қысымының температураға тәуелділігі.


Скачать


zharar.kz