Жүсіп Баласағұн отбасы жайлы:
Адал жарда болмаса ізі күдіктің —
Бақыты сол, байлығы сол жігіттің.
Жаны сұлу — нұр құяды жаныңа,
Мейірім, мінез, шаттық тіле жарыңа.
Бай қатынға басты тіксең — жақпассың,
Атақтыдан еш береке таппассың.
Құлай сүйген, жаны таза, ақылды,
Жақсы əйел құрметті етер атыңды.
Бай келіншектің кесепатын білмейсің...
Қайын жұртпен саудаласып жүрмейсің...
Шын ойласаң, ошағыңның ырысын,
Адал жарың — байлығың да, тынысың.