Жау, дұшпан туралы мақал - мәтелдер
Дұшпан дос арасынан шығады.
Алға да бас, кейін де шегін — айламен үз жаудың белін.
Алдыңдағы ауды көрмесең де ұзақтағы жауды көре біл.
Алты аласы, бес бересі жоқ.
Алысқан жауға арқаңды көрсетпе.
Алысты жақындататын — ат,
Жақынды алыстататын — жат.
Аңдысқан жау алмай қоймас.
Әйел адам сырыңды алса,
Дұшпан үштен бірін алады.