Флипчартта жұмыс істеу арқылы оқушылардың қызығушылықтарын арттыру

Скачать

Бастауыш сынып мұғалімі
Рахметова Құралай Болатбекқызы

Сабақтың тақырыбы: Жіктеу есімдіктерінің септелуі
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға жіктеу есімдіктерінің септелуі туралы мәлімет беру, түсіндіру, тереңдету. Флипчартта жұмыс істеу арқылы оқушылардың қызығушылықтарын арттыру. Флипчартта қаламды дұрыс ұстауға, әдемі жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ойын сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивтік тақта, алдын –ала дайындалған флипчарт.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Амандасу.
- Балалар бүгінгі сабаққа қонақтар келіп отыр. Олар-ұстаздар. Ендеше келген қонақтарға білімімізді көрсетейік.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
26–жаттығу (Флипчартта оқушылар сөздердің астын сызады)
1-флипчарт

ІІІ. Жаңа сабақ
1-тапсырма.(Оқушылар интерактивті тақтада дайындалған флипчартта қалам арқылы есімдіктерді тауып астын сызады)
2-флипчарт

2-тапсырма. (Оқушылар интерактивті тақтада дайындалған флипчартта қалам арқылы қарамен жазылған есімдіктердің астын сызады)
3-флипчарт

3-тапсырма. Төмендегі сөздерді орнына қой. (Флипчартта орындалады)
4-флипчарт
Атау
Ілік
Барыс
Табыс
Жатыс
Шығыс
Көмектес
мен сенің ол сен біз менің оның біздің маған саған оған бізге мені сені
оны бізді менде сенде онда бізде менен сенен одан бізден менімен
сенімен онымен бізбен
4-тапсырма.(Оқушылар флипчарттағы ребусты шешіп, шеуіндегі сөзге әңгіме құрайды)
5-флипчарт
ІV. Бекіту (Оқушылар сурет таңдайды, суреттің астындағы сұрақтарға жауап береді.)
V. Бағалау
“Төрт” дегенің- жақсы баға
Алады оны жақсы бала.
“Бес” дегенің- үздік баға
Оқитын бол үздік қана.

VI. Үй тапсырмасы
Күнделікті енді ашайық
Үй тапсырмасын жазайық
Жіктеу есімгігінен алған білімді
Ұмытпай есте сақтайық
30- жаттығу. Ережелерді қайталау.


Скачать


zharar.kz