Бақытты отбасын құрудың құпиясы.
Ерлі-зайыптылар бірін-бірі шын сүйеді екен, алайда екеуі құдайдың құтты күні ұрсады екен. Ал олармен көрші үйде тамаша жарасымды ғашық жұптар өмір сүреді екен, олардың отбасы сондай бақытты көрінеді.
Бір күні әйелі олардың бақытты болуының құпиясын біліп келу үшін, күйеуін көрші үйге жіберіпті. Көрші үйге келгенде ол мынадай көрініске куә болады: Көрші үйдің келіншегі су толы шелекті қасына қойып, еденді жуып отыр екен. Аз ғана уақытқа әйелі бұрылып кете бергені сол екен, арғы бөлмеден шыққан күйеуі шелек толы суды көрмей қалып, аяғымен іліп кетеді де шелектегі су төңкеріліп төгіледі.
Төгілген суды сүртіп жатқан әйеліне күйеуі жүгіріп келіп, қолындағы шүберекке жармасып, кешірім сұрап әлек болып: Кешір қымбаттым, байқамай қалдым, жазатайым ілініп кетті . Әйелі де өз кезегінде суды сүртіп, әбігерге түсіп: Иә, мен өзім де шелекті дәл ортаға қойып кетіппін, мұнда менің де кемшілігім бар .
Көрші үйден келген күйеуі әйеліне келіп: Білесің бе, сүйіктім, шынында бақыттың құпиясы бар екен, мен мұны өз көзіммен көрдім . Біз екеуміз ренжіскен сәтте бір-бірімізді кінәлаймыз. Ал олар керісінше, кешірім сұрайды екен.
Біздер ұрссақ – ЕКЕУМІЗДІКІ ДЕ ДҰРЫС. Олар ұрсса – ЕКЕУІ ДЕ КІНӘЛІ.
Дайындаған: Жадыра.
Дереккөзі: happyphilosophy