Қаттама нан пеште (духовка) пісіруҚұрамы:Ұн - 500 грТұз - 1 шай қасықШекер - 1 - 2 шай қасықСұйық май - 1 шай қасық (қоспауға да болады)Ашытқы (дрожжи) - 1 шай қасықЖылы су - 250 - 300 млСары май - 250 грДайындау тәсілі

Скачать

Қаттама нан пеште (духовка) пісіру
Құрамы:
Ұн – 500 гр
Тұз – 1 шай қасық
Шекер – 1 - 2 шай қасық
Сұйық май - 1 шай қасық (қоспауға да болады)
Ашытқы (дрожжи)– 1 шай қасық
Жылы су – 250 - 300 мл
Сары май – 250 гр

Дайындау тәсілі:
● Ұнды електен өткізіп алыңыз. Жылы суға сұйық май, тұз, шекер, ашытқыны салып жұмсақтау етіп қамыр илеңіз. Қамырды жақсылап илеп болғаннан кейін 20 - 25 минутқа көтерілгенше жылы орап қойыңыз.
● Қамыр дайын болған соң, 2 - 3 бөлікке бөліңіз. Әр бөлікті жұқа етіп жайып, сары майды ерітіп жағыңыз.
● Қамырдың бетіне майды тегістеп жағып болып ораңыз, ұзынша қамырды және орап дөңгелек жасаңыз.
● Дөңгелек қамырды және жайып қалыңдығын тандыр нанның қалыңдығындай етіп қолмен жайыңыз.
● Дайын күлшенің бетін шанышқымен шоқып, сүт жағып ысып тұрған пеште қызарғанша пісіріңіз. (20 - 25 минут).
Асыңыз дәмді болсын!
Дайындаған: Жадыра

Рецепт жүктеу


Скачать


zharar.kz