Балалардың жеміс - жидектер туралы білімдерін арттыру

Скачать

Тақырыбы: Жемістер
Мақсаты:
1. Балалардың жеміс - жидектер туралы білімдерін арттыру.
2. Олардың алуан түрлілігі туралы ұғымдарын дамыту.
3. Тазалыққа, денсаулығын да күте білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Суретті сөзжұмбақтар, ребустар
Әдіс - тәсілдер: Суретті ребус, сөзжұмбақтарды шешу. Сұрақ - жауап.

Барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Балалардың оқу іс - әрекетіне даярлығын қадағалау.
2. Өткен тақырыпқа шолу.
а) Сұрақ - жауап арқылы өткен тақырыпты еске түсіру.
Жаңа оқу іс - әрекеті:
Тәрбиеші: Қандай жемістерді білесіңдер?
(Балалар өздері білетін жеміс - жидектерді атай бастайды)
Тәрбиеші: Ендеше осы жемістердің адамға пайдасы барма?
( Балалар өз түсініктері бойынша жауап береді, әңгімелейді).
Тәрбиеші: Иә, балалар, жеміс - жидектерде дәрумендер өте көп болады екен. Олар адам дамуына, денсаулығына пайдалы. Сондықтан жеміс - жидектерді адамдар көп пайдаланады және жақсы көреді. Олардың дәмдері де әртүрлі. Бірақ осы жеміс - жидектерді орынсыз көп жесең немесе жумай жесең, ауырып қалуын да мүмкін.

1 - тапсырма: Жемістердің атауларын тауып, торкөзге орналастыр.

2 - тапсырма: Қайда өседі? ойыны. Тәрбиеші жеміс - жидектердің қайда өсетінін айтып отырады. Егер дұрыс жауап болмаса, балалар аяқтарымен жерді соғып, бастарын шайқайды, егер жауап дұрыс болса, қолдарын шапалақтап, бастарын изейді.
Қауын қайда өседі?
Қауын тауда өседі (жерді аяқтарымен соғады).
Қарбыз қайда өседі?
Қарбыз бауда өседі (қол шапалақтайды).
Алма қайда өседі?
Алма сайда өседі (жерді аяқтарымен соғады).
Алмұрт қайда өседі?
Алмұрт бақта өседі (қол шапалақтайды).
Жүзім қайда өседі?
Жағажайда өседі (жерді аяқтарымен соғады).
Қазанақ қайда өседі?
Қазанақ жерде өседі (қол шапалақтайды).
Сәбіз қайда өседі?
Сәбіз талда өседі (жерді аяқтарымен соғады).

Сергіту сәті:
Алма ағашы өседі (балалар ақырындап орнынан тұрады),
Тіпті биік деседі ( балалар қолдарын көкке созып, аяғының ұшымен тұрады).
Содан кейін гүлдейді (балалар саусақтарының арасын ашып, оңды - солды шайқала бастайды),
Мұны Жас дос, біл! - дейді (балалар орындарына отырады).

3. Балалар суреттегі жеміс - жидектерді атап, артық затты табады.

Тәрбиеші: Балалар, артық сөз қайсысы екен?
Балалар: Гүл
Тәрбиеші: Неге олай ойлайсыңдар?
Балалар: Өйткені гүлден басқасы - жеміс - жидектер.

Қорытындылау:
Кіп-кішкентай қызанақ,
Бақшада өсер домалап.
Кішкентайсың әлі өсе ғой,
Өскесін оны жесе ғой.
Қызанақты жегендер:
Қандай дәмді ! – десе ғой.
Игерген білімді тексеру:
Бала өзінің арнайы дәптерінің соңында берілген кестеге алған білімі туралы мәліметті толтырады. Тәрбиеші қол қояды.


Скачать


zharar.kz