Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өлеңдері
МЕЙІРІМСІЗ АЖАЛ
Көңілге қайғы у салып,
Көзден жасты парлатқан,
Жүрекке жара дақ салып,
Жанды ашытып зарлатқан
Уытың күшті, ажал - ай!
Дегеніне жеткізбей,
Қанатын ұзын қайырған
Ойдағысын еткізбей,
Бірді бірден айырған
Мейірімсіз, шіркін, ажал - ай!
Көңілін жастың мұқатып,
Қайғыға ойын толтырған.
Тамырына оқ атып,
Қызыл гүлді солдырған
Түсің суық, ажал - ай!
Бақытын жастың ашқызбай,
Қапыда алдың не түсті?
Көңілін жастың басқызбай,
Арманда алдың, не түсті?
Тапқаныңды айтшы, ажал - ай!
ШҚО Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылы,
Ш. Уалиханов атындағы орта мектептің
10 сынып оқушысы Сағындықова Назерке