Қазақ тілінен қысқа мерзімді жоспар 5 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Орфография және орфоэпия (слайд)
Сабақтың мақсаты: оқушылар айтылуы мен жазылуында ерекшелік байқалатын сөздердің дұрыс жазу емлесін, айтылудағы ерекшеліктерді сақтауды үйренеді.
Сабақтың әдісі: СТО, АКТ
Сабақтың түрі:жаңа сабақты өздігінен меңгерту
Сабақтың көрнекілігі: слайдты плакаттар, сөздермен безендірілген парақшалар, жеміс ағашы, үнтаспа, орфографиялық және орфоэпиялық сөздіктер
Пәнаралық байланыс: ағылшын тілі, орыс тілі
Күтілетін нәтиже: оқушылар айтылуы мен жазылуында ерекшелік байқалатын сөздерді дұрыс жазу емлесін меңгереді, айтылудағы ерекшеліктерді сақтауға дағдыланады.
Сабақтың жүрісі:
І Ұйымдастыру бөлімі
Танысу тренингі. Оқушылар ортада Шаттық шеңберін жасап, дөңгеленіп тұрып, бір шетінен аты - жөнін таныстырып, өзінің қандай екенін айтып, шығады. Қолдарына кішкене бетшелер таратылады. Бетшелер бойынша топтасады. Мысалы: Зат есім тобына қатысты сөздер – Қазақстан, елтаңба, әнұран, президент, халық; Сын есім тобына қатысты сөздер – әдемі, жасыл, тәтті, көркем, сұлу; Сан есім тобына қатысты сөздер – тоғыз, жеті, бесінші, №1, 50; Етістік тобына қатысты сөздер – нұрландырады, көтеремін, мақтайсың, жеткізеді, өрлейді.
Тапсырма сұрақтарына жауап берген оқушылар жұлдызшалар алып отырады. Сабақ соңында жұлдызшалар санына қарай баға қойылады.
Демек қандай ой айтар едіңіздер? ( тіліміздегі кейбір сөздер қалай жазылса, айтылуда солай дыбыстала бермейді екен.)
ІІІ Жаңа сабақты меңгертуге байланысты тапсырмалар:
1. Дұрыс жазу үшін:
Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Н.Назарбаев.
Дұрыс айту үшін:
Отпасында адам бойындағы асыл ғасиеттер жарқырай гөрініп, қалыптасады. Отаңға деген ыстық сезім жақындарына, туған - туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Н. Назарбаев.
Орфография сөзі – дұрыс жазамын дегенді білдіреді, орфо - дұрыс.
Орфоэпия сөзі – дұрыс айтамын дегенді білдіреді.