Балықтар тапсырмалары

Скачать

Пән мұғалімі: А. М. Жаназилова
Пәні: Математика 2 - класс
Сабақтың тақырыбы: Білімді бекіту.
Сабақтың мақсаты:
Тәрбиелік: ұйымшылдыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа, қайырымдылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: ертегі кейіпкерлері, ойындар арқылы ой өрістерін кеңейтіп, ойлау, есте сақтау, ауызша есептеу қабілеттерін дамыту, математика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру.
Білімділік; екі амалмен шығарылатын есептер және оларға кері есептер құруға; екі таңбалы сандарды, екі таңбалы сандарға қосу мен азайтуға, салыстыруға, фигураның периметрін табуға арналған есептер шығару;
Сабақтың түрі: ертегі сабақ

Принциптері: біртұтастық, жүйелілік, ғылымилық.
Әдістері: түсіндіру, көрнекілік, талдау, жинақтау, мағынасын ашу, ойын
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, бейне көрініс Су асты әлемі , сюжетті суреттер, балықтар шаблондары.

Сабақтың жоспары:
І. Бағдарлау – мотивациялық кезең
1. Ұйымдастыру бөлімі.
а) Ертегілер елінен келген қонақтар.
2) Су астына саяхат бейне көрініс.
3) Балықтар тапсырмалары.

ІІ. Операциялық – орындаушылық кезең
1) Сөзжұмбақ.
2) Золушкаға көмектес ойыны
3) Көркем жазу минуты.
4) Сергіту сәті.
5) Оқулықпен жұмыс. №1(а, ә), №2 (а, ә) – есептері

ІІІ. Рефлексиялық – бағалау кезең.
1. Ұжымдық жұмыс
а) №3 - есеп
ә) Алма жинау ойыны
2. Бағалау
3. Үйге тапсырма беру
4. Қонақтарды шығарып салу.
5. Сабақты аяқтау.

Сабақтың барысы:
І. Бағдарлау – мотивациялық кезең
1. Ұйымдастыру бөлімі. №1 - слайд.
а) Ертегілер елінен келген қонақтар.№2, 3 - слайд.
Түлкі: - Балалар, біз сендерден көмек сұрауға келдік!
Берілген тапсырмаларды орындап, балық ұстауға көмектесіңдерші!
Қасқыр: - Жақсылықтарыңды ұмытпаймыз!

Су түбіне саяхат бейне көрінісі. №4 слайд.
- Балалар, су түбіндегі көріністі тамашаладық. Су түбі тұнған балық екен. Өздерің қандай балықтарды білесіңдер? Атап көріңдерші!
- Сазан, жайын, бекіре, шортан, камбала, лақа, көксерке...
- Түлкі мен қасқырдың өтінішін орындаймыз ба, көмектесеміз бе?
Су түбіндегі әр балықтың тапсырмасын дұрыс орындасақ, біз оларды ұстап аламыз! Әр дұрыс жауапқа 1 балық, тақтадағы есепке шыққанға 2 балықтан тиісті. Ендеше сол балықтардың тапсырмаларын орындауға кірісейік!

ІІ. Операциялық – орындаушылық кезең
1. Сөзжұмбақ шешу. №6 слайд.
Жауабы: Ондық
- Толық ондықтарды атаңдар.
2) Золушкаға көмектес ойыны. Әртүрлі екі таңбалы санға екі таңбалы санды ауызша қосу және азайтуға арналған есептер. Тапсырма дұрыс орындалса, Золушканың аяқкиімі табылады, дұрыс емес болса, басқа аяқкиім шығады. №8 слайд.
3) Көркем жазу минуты. №10 слайд.
- Балалар, наурыз айында қандай мерекелер келе жатыр?
- 8 - наурыз аналар мерекесі, 22 - наурыз Ұлыс күні.
Ендеше, көркем жазу сәтінде біз 8 бен 22 сандарын жазайық.

4) Сергіту сәті. №11 слайд.
Көз жанарыңды сақта көзге арналған жаттығулар.
- Біз сабақтың басынан аяғына дейін, интерактивті тақтамен жұмыс жасайтынымыздан, көзге арналған жаттығу артық болмас!

5) Оқулықпен жұмыс. 146 - 147 бет.
1 - флипчарт. №1 есеп.
а) Сатылғаны – 48кг және 40кг
Қалғаны -? Болғаны - 100кг
Ш: 100 – (48+40) ═ 12кг
Ж; Қалғаны 12 кг
2 - флипчарт.
ә) Сатылғаны –? кг және 40кг
Қалғаны - 10 Болғаны - 100кг
Ш: 100 – (48+10) ═ 12(кг)
Ж; Қалғаны 10 кг
- Бұлар кері есеп бола ала ма?
- Неліктен?
- Бола алмайды себебі 1 - есепте – 12кг, ал 2 - есепте – 10 кг.
3 - флипчарт. №2 есеп.
а) Т. д - 30кг
Т. к. -? 7кг кем?
ш: 30 +(30 - 7) ═ 53 (кг)
ж: Барлығы 53 кг қант.
4 - флипчарт.
ә) Т. д -? 7кг артық
Т. к. - 23кг?
ш: (23+7) + 23 ═53 (кг)
ж: Барлығы 53кг қант.

ІІІ. Рефлексиялық – бағалау кезең.
1. Ұжымдық жұмыс
а) №3 - есеп. Салыстыру.
Есептерді 4 - қатарға тең бөлеміз. Әркім өзінің қатарының есебін шығарады.
1 - бағаны – 1 қатарға, 2 - бағаны – 2 қатарға, 3 - бағаны – 3 қатарға, 4 - бағаны - 4 - қатарға.
36 87
(48+26) – 38
(84 – 16)+19
44 71
(77+13) – 46
18+ (80 – 27)
60 10
100 – (26+14)
100 – (63+27)
59 78
(100 – 53) +12
(100 – 67) +45
ә) Алма жинау ойыны. №26 слайд.
- Балалар, 1, 2 – қатар 1 - топ болады, ал 3, 4 - қатар 2 - топ болады.
Алма ағашынан алмаларды теру. Қай топ бірінші болып алмаларды жинайды, сол топ жеңімпаз болады.
2. Бағалау. Қолдарындағы балық санына байланысты бағалау.
“5” – 5 балық
“4” – 4 балық
“3” - 3 балық
- Балалар, балықты көп жинаған балаларға рақмет айтамыз!
3. Үйге тапсырма беру.
1. №4 - есеп. Салыстыру. Уақыт өлшемдерін салыстыру.
- 1 сағатта қанша минут бар? (60мин)
2. №7 – есеп.
Үшбұрыштың периметрін табу.
- Үшбұрыштың периметрі дегеніміз не?
4. Қонақтарды шығарып салу.
Түлкі: - Рақмет, балалар! Сендер нағыз доссыңдар!
Қасқыр: - Сабақтарыңды жақсы оқыңдар! Сау болыңдар, балалар!
5. Сабақты аяқтау.


Скачать


zharar.kz