Атырау облысы, Индер ауданы,
Өрлік ауылы Болашақ балабақшасының тәрбиешісі
Кадырбекова Данира Чапаевна
Мектепке дейінгі ұйымдар мен отбасы жағдайында баланы ерте жастан дамыту
Баланы ерте жастан дамытудың жолдары
Мақсаты: Жеке тұлғаны жан - жақты дамыту;
Баланың қабілеттерін ашуға мүмкіндік туғызу;
Таным білім беру саласы бойынша жаңа инновациялық технологияларды пайдалана отырып балалардың бойындағы танымдық қабілеттерін дамыту.
Міндеті:
Ерте жастағы (1 жастан бастап 3 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған Алғашқы қадам бағдарламасын іске асыру
Мектепке дейінгі ұйым мен отбасының бала дамуындағы
Міндеттері:
Бала мүддесіне сай тәрбиеленушілердің отбасымен өзара түсінушілігін және сенімін, ынтымақтастығын орнату.
Балаларды жан - жақты үйлесімді дамыту, денсаулығын сақтау және нығайтумен байланысты міндеттерді шешуге біріктіру.
Ойын іс - әрекетінде баланың дамуы
Дидактикалық
Сюжетті - рөлдік
Қимылды
Үстел үсті
Баланы тәрбиелеудің әдістері
Адамгершілікке тәрбиелеу
Еркіндік пен еркін сөйлеуге тәрбиелеу
Әдептілікке, әдемілікке тәрбиелеу
Ұлттық дәстүрге, халық шығармашылығына қызықтыру
Ата - аналармен бірігіп, жұмыс жүргізу үшін алдымен педагогикалық мәдениетін көтеру керек.
Ата - аналардың педагогикалық мәдениеті дегеніміз не?
Ата - ана тәрбиеші ретінде педагогикалық дәрежеге жету.
Ата - ананың практикалық білім, білік түрлері және сапалы және саналы тәрбиеде қалыптасуы
Педагогикалық және психологиялық деңгейде теориялық білімнің дамуы.
Баланы ерте жастан дамыту үшін ата - аналармен бірлескен жұмыстар өткізу.
Оқу іс - әрекеттеріне қатыстыру.
Сауалнама жүргізу.
Ашық есік күні
Мерекелік кештер мен ертеңгіліктер.
Тренингтер өткізу.
Спорттық сайыстар.
Сөз соңында:
Балабақша мен отбасындағы ынтымақтастықты біріктіре отырып оқу және тәрбиелеу жүйесін ұйымдастырып, әр баланы жеке тұлға ретінде қазіргі заман талабына сай рухани жан дүниесін байытып, бойындағы құндылықтарды дамыту.
Оқу – тәрбие жұмысын ұйымдастыру, оны жақсарту, бала тәрбиесін талапқа сай жақсы жолға қою үшін балабақша ұжымы мен ата - аналардың бірлескен ынта - жігерімен, тәрбиешілердің іскерлігімен атқарылатын жұмыстар алда әлі де жалғасын табады.. Осындай жұмыстарды атқару барысында төмендегідей нәтижелерге қол жеткізуге болады:
*Балалар тәрбиесіне бірыңғай әрі жүйелі қарауды қамтамасыз ету мақсатында ата - аналармен серіктестік қарым - қатынас орнатылады.
* Ата - аналардың баласының даму мәселесіндегі біліктілігі артады, олармен қарым – қатынасында педагогикалы міндеттер қойып, білігі пайда болады. Біздің мақсатымыз заман талабына сай жаңашыл, шығармашыл, мәдениетті, жан - жақты сауатты жеке тұлға тәрбиелеу десек, ата - анамен балабақша арасындағы тығыз қарым - қатынас, бірлік, ынтымақ жарасым тапқан жағдайда ғана оның бала тәрбиесіне тигізетін ықпалы да нәтижелі болмақ.
Назарларыңызға рахмет!
Слайдты жүктеу