Рента теориялары

Скачать

Өндіріс факторларының бірі жер және оның қойнауындағы байлықтар, одан алынатын табыс рента деп аталады.
Жерге тән ерекшелік: оның басқа еркін ұдайы өндірілетін факторлардан өзгешелігі, жер ұсынымы шектеулі, оның көлемі тұрақты, өзгермейді және оны ұлғайтуға болмайды. Осыған орай, жер ұсынымы икемсіз.
Жер ұсынымының икемсіз және шектеулі болйына байланысты ауылшаруашылығында баға белгілеу ерекше болады.
Пайда экономикалық категория ретінде әртүрлі өндіріс тәсілдерінде де өмір сүрді: құл иеленуші және феодалдық қоғамында рестовщиктер және сауда пайдасы түрінде. Пайда қазіргі өндірісте де қосымша құнның негізгі түрі ретінде сақталып келеді.
Пайда және оны максимизациялау әсіресе нарықтық қатынаста барлық өндірістің және шаруашылық салаларының негізгі нақты мақсаты болып табылады. Сонымен қатар, атап айту қажет, экономикасы дамыған елдерде инфрақұрылымды қоғамдық шаруашылықтағы пайда ала алмайтын қосымша бюджеттен қаржы бөліп қолдануға тура келеді.
Пайданың нарық экономикасында түбегейлі қызметінде және экономикалық теорияның объектісі болуына қарамастан, осы күнге дейін оның маңызына екі түрлі көзқарастар бар: Маркстік және қазіргі кезеңдегі экономикалық ілім.
1. Маркстік көзқарас. Пайданың мәні К.Маркстың Капиталының ІІІ-томында зерттелген. Маркстың ұжырымдауынша пайда қосымша құнның өзгерген түрі. Бұл өзгеру қосымша құнды өзгермелі капитал жасағанмен, ол барлық авансыланған тұрақты және өзгермелі капиталдың туындысы ретінде болады. Себебі өндіріс құрал-жабдығының иесіне жұмыс күшінің қалай пайдаланғаны ғана емес, құрал-жабдықты қалай тиімді пайдаланғаны да қажет. Сондықтан пайданың көлемі (мөлшері) тауар құны мен оның өндіріс шығындарының айырмасы ретінде анықталады (егер туар құны бойынша сатылса). Ескеретін жәй, пайданы тауар өндірушілер тек тауарды сатқаннан соң алады. Сондықтан, сатылған қосымша құн ақша түрін қабылдайды (ауысады) да, пайдаға айналады (өзгереді), Пайда сатылған қосымша құн ретінде болғанымен соңғысы сұраныс пен сұраныстың әсерінен ауытқиды. Міне осы ауытқу тауар өндірушілер алатын пайда мөлшерін, анықтап, оларды кедей және бай деп жіктейді, бір саладан екінші салаға капиталдың ауысуына әкеліп соқтырады, жеке пайда нормасын орта пайдасымен теңестіріп, өндіріс бағасын құрайды, оның айналасында нарықтық баға ауытқиды. Пайда, қосымша құн сияқты төленбеген жұмысшы еңбегінің нәтижесі, сондықтан адамды қанаудың арқасында пайда болады.
2. Қазіргі экономикалық ілім көзқарасы. Олардың көзқарасы бойынша пайда, өндіріс факторларын (еңбек, жер, капитал) пайдаланудың нәтижесі. Сондықтан, пайда және кәсіпкерлік табыс, кәсіпкерлердің атқарған қызметтерінің нәтижесі ретінде қарастырады. Осыған байланысты төмендегідей анықтамалар береді:
- пайда кәсіпкер іс-әрекетінің қызмет ақысы:
- пайда кәсіпорынды басқарудағы жаңашылдығы, таланты үшін төленетін ақысы;
- пайда нарықта өндірушілердің (сатушылар) монополиялық жағдайынан пайда болатын табыс.
Ескеретін жәй, кәсіпкер міндетті түрде пайда алуы керек, олай болмаса, ол нақты бір өндіріс саласына ақша жұмсайды.
Қарастырылған екі көзқарастар да өмір сүруге құқылы К. Маркстың көзқарасындағы кемшілік – пайданың мәнін тікелей жеке меншікпен, сонымен байланысты жұмышыларды қанау деңгейімен байланыстыруы. Бірақ практика көрсетіп отырғандай, мәселе жеке меншікте және төленбеген еңбекте емес, пайданы кімдер пайдаланады, яғни меншік пен басқару қатынасында болса керек.
Екінші көзқарастың кемшілігі кәсіпкердің не үшін пайда алатынын анықтай отырып, оның шығатын көзін (источник) анықтамайды.
Белгілі жәй, нарықта алынбайды, себебі бұл жерде тауар айналымы: Т-Т. Бұл жерде түскен пайда қайта бөліндеі. Осыған байланысты шындыққа жақын К.Маркстың дәлелдегені; пайда өндіріс нәтижесі.
Кәсіпорын пайдасы жалпы және таза болып екіге бөлінеді:
Жалпы пайда – кәсіпорынға түсетін жалпы өнімнің бір бөлігі, ол сан жағынан сатылған өнімнен түскен ақшадан (салықтар және т.б.) Таза пайда кәсіпорын иелігіне қалады да, шаруашылықтың ішкі қажеттіліктеріне жұмсалады.
Пайда өндіріс сферасында жасалады. Өзінің ерекше экономикалық түріне айналым сферасында ауысады, атап айтқанда өндірілген өнімді сату процесінде. Пайда айналым сферасында тауар өндірушілер арасындағы бәсекелік күрес, сұраныс мен ұсыныстың тауар нарығының конъюктурасына орай өзгерістеріне байланысты қалыптасады.
Қоғамдық өндіріс бағасы орташа немесе жақсы өндіріс жағдайлары арқылы емес, неліктен нашар жерлер жағдайымен анықталады деген сұрақ туындайды. Себебі, жер шектеулі және қоғамның бүкіл қажеттіліктерін орташа және құнарлы жерлерден алынатын өнімдер қанағаттандыра алмайды. Егер сұраныс ұсыныстан басым болса, онда нарық бағасы нашар жер учаскелерінен алынатын тауарлар бағасының дәрежесіне көтеріледі.
Осындай баршаға ортақ жағдайы барлық экономистер мақұлдайды, бірақ басқаша мәселелер бойынша әр түрлі көзқарастар қалыптасқан.Атап айтқанда иемдену мен оны пайдалану, жер иелерінің табыс көзі, ұсыныс үйлесімділігі, жер бағасы т.с.с.
Жер рентасының маркстік концепциясы табыстың барлық түрлерінің көзі қосымша құн екендігін дәлелдейді. Демек, жер рентасы, пайда мен процент сияқты қосымша құнның өзгерген түрі болып табылады. Маркстік теорияның маңызды қорытындысы, жерге ірі жеке меншіктің жойылуының керектігін дәлелдеуі. Осы теорияға сай жерді национализациялау ауыл шаруашылығында қоғам көлемінде тұтас алғанда өндіргіш күштердің дамуына даңғыл жол ашады.
Жерді иемдену жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның белгілі бір жер учаскесіне құқылығын мойындау. Жерге иелік етуді жер иесі атқарады. Жерді пайдалану заң негізіне сай жүргізіледі. Жер иесі жерді пайдаланушы болуы міндетті емес. Өмірде жерді иемдену мен оны пайдалану көп жағдайда бір-бірімен сәйкес емес. Өмірде жерді иемдену мен оны пайдалануды жеке немесе заңды тұлғалар атқарады. К.Маркстің «Капиталда» басшылыққа алған жүйесі үш әлеуметтік топтың өзара қатынасына негізделген: жер иелері жерді пайдаланушы да емес жұмыскер.
Қазіргі кездегі нарықтық экономикасы дамыған Батыс алдерінде жерге меншіктің төмендегіше түрлері орын алуда: аристократияның жерге жекеменшігі (бұл түрі Ұлыбритания елінде орын алған); жерге буржуазияның меншігі, кәсіпкерлер деп аталатын жекелей ждер иемденуші және түрлі кооперацияның иелігі (банктер, ірі өнеркәсіп және ауылшаруашылық компаниялар); жерге мемлекеттік меншік; жерге фермерлік меншік – жәй тауар өндірушілер.
Жер рентасының пайда болуының басты шартты жағдайы жерге деген ұсыныстың шектеулілігі, Еңбек пен капиталға деген ұсыныстың қалыптасуында осындай шектеулілік орын алмайды, өйткені оның екеуі де еркін, ұдайы өндіріледі. Ауылшаруашылығы өнімдері өндірілетін жер құрылыстың жер учаскелері де дәл осындай сипатта. Жерге деген ұсыныстың шекетулілігі, икемділікке келмеуі ауыл шаруашылығында бағаның ерекше құрылуының маңызды себептері болып табылады.
Жер рентасының екі түрі бар. Дифференциалды және абсолюті жер рентасы


Скачать


zharar.kz