Дәстүрлі емес сабақ

Скачать

Өткенімізге үңілсек, сый тартар бізге келешек
Сабақ түрі: Дәстүрлі емес сабақ. (Қайталау сабағы)
Өту формасы: Ойын түрінде.
Мақсаты: Оқушылардың үшбұрыштар туралы алған білімдерін қайта жаңғыртып, естеріне түсіру, үшбұрыштардың анықтамаларын, олардың қасиеттерінің естерінде мейлінше ұзағырақ сақтауға септігін тигізу және оларды қолдана білуге үйрету; жауапкершілікке, еңбектенуге тәрбиелеу, танымдық қызығушылығын дамыту.
Көрнекілігі: Үшбұрыштар (модель), плакаттар, көрмеге сурет, заттар және интерактивті тақта.

Барысы:
I. Ұйымдастыру.
Оқушыларды түгендеп, сабақтың мақсаты мен жоспарымен таныстыру.

II. Өтілген тақырыпты қайталау. (Музыкалық әдеби монтаж түрінде)
1 - бастаушы: Геометрия пәнінде,
Үшбұрыш деген ел болған.
Неше алуан түрімен
Бір ордаға жиылған.
2 - бастаушы: Шақырайық ортаға Үшбұрыш атаны,
Бастасын сөз кезегін арқалы.
Шыққан тегін, руын бізге таныстырып,
Беріп кетсін ұрпағына батаны.
Сахнаға басына (үстіне) айналдыра желімделген үшбұрыштардан даярланған киім киіп оқушылар шығады.
( Тойға шашу әнінің әуенімен)

Қара бізге, біз үштенбіз,
Көрсетеміз әлі біз!
Үш - үштенбіз, үш - үштенбіз,
Үш - үштенбіз бәріміз!
Қайырмасы: Қабырға үшеу, бұрыш үшеу,
Төбеміз де үш - үштен,
Біз атқарар жұмыс үшеу,
Үш мәрте оған кіріс сен!
Сүйетұғын өз ұясын,
Ордамызда – ынтымақ.
Үшбұрыштар семьясын
Білер болсын әркім - ақ!

Қайырмасы.
Ұрпағым бар, өрісім кең,
Білер болсаң, егер сен.
Ретімен келіп ортаңызға
Таныстырсын өздерін баршаңызға.

Мыңның түсін білгенше,
Бірдің атын біл .
(Үшбұрыштар тізіліп, сахнаға шығады)
1. Сүйір бұрышты үшбұрыш:
Мен үшбұрыш атаның баласының бірімін,
Сыйынған қасиетіме елімнің бір пірімін.
Атапты әкем Сүйір бұрышты болсын деп
Теоремалар жүрсін үйір әркез кеп.
(Интерактивті тақтадағы слайдтан Кез келген үшбұрыштың кем дегенде екі бұрышы сүйір болады деп айтып, көрсетіледі)

Ақтөбе облысы, Алға қаласы,
№3 Алға қазақ орта мектебінің математика пәні мұғалімі
Мурынов Ордабай


Скачать


zharar.kz