Қазақ демократтарының саяси көзқарастары

Скачать

Қазақстан тарихы 8 сынып

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан 1916 жылғы ұлт – азаттық қозғалыстың басталуы және сипаты
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Қазақстанның бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы жағдайы, 1916 жылғы көтерілістің себептері, басталуы, сипаты, қозғаушы күштері туралы түсінік беру.
Дамытушылық:. Оқушыларға тапсырмалар, сұрақтар беру арқылы тарихи оқиғаны өз көзқарасы бойынша дәлелдеуге, талқылауға үйрету, өз бетінше жұмыс істеу білу дағдысын дамыту
Тәрбиелік:. Оқушыларды Отанды сүюге, қорғауға, елжандылыққа, батырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі: Дәстүрлі
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, ауызша баяндау
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, сызбалар, кестелер.
Құрал – жабдық: Қазақстан картасы

Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру:
а) Сынып оқушыларын түгелдеу.
ә) Оқушылар назарын сабаққа аудару

II. Жаңа сабақ
Жоспар:
1. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстан ( 1914 – 1918 жж)
2. 1916 жылғы көтерілістің себептері және басталуы
3. Қазақ демократтарының саяси көзқарастары
4. Қозғалыстың сипаты, қозғаушы күштері.

ХІХ ғасыр Қазақстан үшін Ресей империясына тұтастай бодан болуымен ерекшеленеді.
Капиталистік қатынастарға ерте көшкен елдер дамуы жағынан едәуір озып кетіп, әлемнің қарқынды дамыған мемлекеттерінің алдыңғы легін құрды. Алдыңғылар соңына ерген елдерге қысым жасады, олардың ішкі істеріне қол сұқты, еңбек ресурсы мен шикізатын пайдаланды.
Ресейдің алға шығуына негізгі кедергі:
- феодализм қалдықтары
- биліктің патшалық болмысы
- дворяндардың үстемдігі
- помещиктік жер иелену
- халық бұқарасының, буржуазияның саяси биліктен шеттетілуі.
- Шаруалардың жерінің аздығы
- Елдің тұрмыс жағдайының ауырлығы
- Халықтың кедейленуі
- Бұратана деп аталған халықтардың ұлттық езілуі

Дамыған мемлекеттер бөлшектеніп кеткен отарларды қайта бөліскісі келді. Оларға арзан шикізат көзі жетіспеді. Өзара топ құрып одақтасқан бәсекелес әскери – саяси блоктар тартысы

Қазақ газетінде Ә. Бөкейхановтың Тағы соғыс деген мақаласы басылды. Онда соғыстың әділетсіз екендігі, күшті мемлекеттер тарапынан зорлық саясат жүргізіп отырғаны айтылды.
ХХ ғасыр басында қазақтарда:
- 1907 – 1912 ж. Қазақстанға Ресейден 2 млн. 400 мың адам әкеліп қоныстандырылды.
- Қазақтар шұрайлы жерлерінен айырылды.
- 1917 ж. қарай қазақтардың 45 млн – нан астам десятина жері тартып алынды.
- Қоныстанушылар жалдамалы еңбекті пайдаланды.
Өлкені талау І д\ж соғыс кезінде одан әрі жалғасты. Соғыс кезінде:
- қазақ даласынан арзан бағамен орасан көп мөлшерде мал сатып алынды.
- Патша армиясы үшін киіз үй мен бұйымдар жиналды.
- Салық мөлшері өсіп, соғыс салығы енгізілді.
- Баж салығын төлеу міндеттелді
- Жергілікті халық соғысқа арналған жүктерді теміржол станциясына тасып жеткізуге мәжбүр болды.

1916ж. патша әкімшілігі ресейлік отаршылдар үшін жаңадан жер тартып алуды ойластырды.
А. Байтұрсынов: Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды - деп жазды.
Көтерілістің негізгі себептері:
1) Халық кіндік қаны тамған жерінен айырылуға шыдамады.
2) Қазақтың жігіттерін қара жұмысқа алу туралы жарлық шықты.
- 1916 жылы 25 маусымда патша шығарған жарлық.
- 19 – 43 жас арасындағы еңбекке жарамды барлық ер азамат алынуға тиіс болды.
- Түркістан мен Дала өлкесінен 500 мыңнан астам жігіт алу көзделді.
М. Дулатұлы: Жұрт сеңдей соғылды түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айырылды - деп жазды.

1916 ж. 23 тамызда генерал – губернатор А. Куропаткиннің құпия бұйрығымен қара жұмыстан босатылғандар:
- болыстық, ауылдық басқармалардың лауазымды адамдары.
- жергілікті бұратаналардан шыққан төменгі полициялық шенділер;
- имамдар, молдалар;
- ұсақ несие мекемелеріндегі есепшілер;
- Ата – бабаларынан жеке бастары құрметті азамат құқықтарын пайдаланатын адамдар

Патша жарлығына жауап ретінде орасан ауқымды өңірдің – Қазақстан мен Түркістанның халқы стихиялы түрде бір мезгілде көтеріліске шықты. Жер – жерде:
- көтерілісші жасақтары құрылды
- Қара жұмысқа шақырылушы жастардың тізімі тартып алынып, жойып жіберілді.
- Байлардың ауылдарына шабуыл жасалды
- Борышқорлық және салық тілхаттарын жойды
Көтеріліске шыққан халық бірінші кезекте отарлауға дейінгі дәстүрлі мемлекеттік басқару жүйелерін қалпына келтірді.


Скачать


zharar.kz