Электр құбылыстары

Скачать

Тақырыбы: Табиғат және адам. Физика – табиғат туралы ғылым. Физика және техника
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Физика және астрономия - табиғат туралы ғылымды зерттейтінін жете меңгерту, қоршаған ортадағы табиғаттың өзгеруіне адамзат әрекетінің де рөлі зор екендігін түсіндіру. Физикалық терминдер мен ұғымдарды меңгерту. Физика мен техникаға байланысты төрт ғажайып жетістікті білу.
Дамытушылық: оқушылардың ой - өрісін жетілдіру, теориялық және эксперименттік зерттеу әдістері ерекше орын алатынына көңіл бөлу, өз ойларын сөзбен жеткізуге дамыту.
Тәрбиелілік: Жаңа ұғымды күнделікті өмір мен байланыстыра білуге үйрету. Оқушыларды табиғатты аялай білуге үйрету.
Типі: Жаңа материалды оқыту сабағы
Түрі: жаңа сабақ
Әдіс - тәсілі: Ауызша баяндау
Пәнаралық байланыс: дүниетану, табиғаттану, астрономия.
Көрнекіліктер: элек. оқу., суреттер.(карточка), кеспе
Барысы: 1. Ұйымдастыру
2. Сабақтың мақсаты мен міндеті
3. Жаңа материалды хабарлауға дайындық(жаратылыстану пәнінен алған білімдерін еске түсіру)
4. Жаңа материалды түсіндіру
5. Бекіту
6. Қорытындылау
7. Үйге тапсырма
8. Бағалау

1. Кластың сабаққа қатысымын тексеру, белгілеу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2. - оқушының ойлау белсенділігін арттыру
- материалға деген қызығушылығын арттыру
3. Сұрақтар
1) Жаратылыстану ғылымы нені зерттейді?
2) Табиғат дегеніміз не?
3) Қандай ғылымдармен байланысты?
4. Жаңа сабақ
Бізді қоршаған ортаны табиғат дейміз. Бұған сумен ауа, дыбыс, жарық пен радиотолқындар, жұлдыздар мен кометалар, планета мен галактика т. б. жатады.
Табиғатта үздіксіз өзгерістер болады.
Физика ғылымы зерттейтін табиғат құбылыстары физикалық құбылыстары делінеді.
Физиканың бірінші ұстазы атанған грек ғалымы Аристотель. екінші ұстазы ұлы бабамыз - Әбу Насыр әл - Фараби. Физика деген сөзді орыс тіліне енгізген ұлы орыс ғалымы М. В. Ломоносов. Физика деген грекше фюзис – табиғат дегенді білдіреді.
Мақсаты - табиғатта болып жатқан құбылыстарды зерттейді, олардың өзара байланыстыратын заңдарын ашады. Мысалы Жердің Күнді айнала эллипс бойымен қозғалатынын түсіндіру. Т. б. Терминдер - жол, жылдамдық, күш. Физикалық ұғымдар – материя, дене, зат. Әлемде не бар болса, соның бәрі материя деп аталады. Белгілі пішіні, нақты көлемі бар жеке тұрған нәрсе дене деп аталады. Дененің шығу табиғатын, сапалық қасиеттерін сипаттайтын материя түрін зат деп атаймыз. Біздің заманымыздың өзіне тән екі ерекшелігі бар. Біріншіден, ғылым мен техника үлкен қарқынмен дамыды. Екіншіден, ашылған ғылыми жаңалықтар адамзат игілігіне айналды. өнеркәсіп пен тұрмысқа енгізіліп отырды. Техниканың негізі – физика. ХХ ғасырдың физика мен техникаға байланысты төрт кереметі бар. 1. Атом ядросындағы энергияны алу жолын тапты. 2. Ғарышқа көтерілді. Тұңғыш жасанды Жер серігі біздің еліміздегі Байқоңыр ғарыш айлағынан 1957 жылы ұшырылды. Орыс азаматы Ю. А. Гагарин 1961 жылы алғаш рет Байқоңырдан ұшты. Біздің отандастарымыз – Т. Әубәкіров пен Т. Мұсабаевтар күрделі ғарыштық техниканы басқарып ерлік біліктіліктерін көрсетті. 3. 60 - жылдардың басында лазер өмірге келді. Осы жаңалықты ашқан Ресейдің физик ғалымдары Н. Г. Басов, А. М. Прохоров және АҚШ - тың физигі Ч. Таунске Нобель сыйлықтары берілді. 4. Кибернетика өмірге келді оған байланысты электрондық есептеуіш техникасы. ХХ ғасырдың ең негізгі төрт ғылыми – техникалық ғажайыптары осындай.
5. Бекіту: 1) Табиғат деген сөздің мағынасын қалай түсінеміз?
2) Табиғат құбылыстары деп нені айтамыз?
3) Табиғат құбылыстарын ата?
4) Күннің тұтылуын түсіндіру
5) Табиғат туралы қандай ғылымдарды білесіңдер?
6) Айдың тұтылуын қалай түсіндіруге болады?
7) Физиканың негізгі мақсаты неде?
8) Физика заңдары қалай ашылады?
9) Физикалық терминдер, ұғымдар дегеніміз не?
10) Материя, дене, зат ұғымдары дегеніміз не?
11). Әл - Фараби Екінші Ұстаз аталуының басты себебі не?
6. Қорытындылау Нені білдім? Бізді қоршаған орта табиғат екенін, табиғат құбылыстары үздіксіз өзгерісте болатынын, география, биология, химия, ғылымдарымен байланыста екенін білдік. физика заңдарына сүйене отырып аспан денелерінің құбылыстарын зерттейді. Физиканың негізгі мақсатын білдім.
Тапсырмалар:
1. Берілген кестеге келтірілген сөздердің ішінен құбылыстарға қатысты сөздерді теріп жаз.(шардың домалауы, қорғасынның балқуы, күнің сууы, күннің күркіреуінің естілуі, қардың еруі, жұлдыздардың жыпылықтауы, судың қайнауы, таңның атуы, жаңғырықтың естілуі, бөрененің жүзуі, сағат маятнигінің тербелуі, бұлттың көшуі, жай түсуі, кептердің ұшуы, найзағайдың жарқылдауы, жапырақтардың сыбдыры, электр шамының жануы)
Механикалық құбылыс Жылулық құбылыс Электр құбылыс Жарық құбылыс
Шардың домалауы,
Бөрененің жүзуі,
Бұлттың көшуі,
Кептер дің ұшуы
Қорғасынның балқуы,
Күннің сууы,
Қардың еруі,
Судың қайнауы, Күннің күркіреуінің естілуі,
Найзағайдың жарқылдауы, электр шамының жануы. Жұлдыздардың жыпылықтауы,
Таңның атуы,

2. Берілген кестеге келтірілген сөздердің ішінен физикалық денелерді, затты құбылысты білдіретін сөздерді теріп жаз: қорғасын, күннің күркіреуі, рельс, алюминий, қарлы боран, ай, спирт, қайшы, сынап, қар көшкін, үстел, мыс, тікұшақ, мұнай, қайнау, мылтықтың атылуы, судың тасуы.
Дене зат құбылыс
Рельс,
Ай,
Қайшы,
Үстел,
Тікұшақ,
Қорғасын,
Алюминий,
Спирт,
Сынап,
Мыс,
Мұнай, Күннің күркіреуі,
Қарлы боран,
Қар көшкіні,
Қайнау,
Мылтықтың атылуы,
Судың тасуы.

3. Табиғат деген сөздің мағынасын қалай түсінеміз?
1. 1). Механикалық құбылыстар.....- машинаның қозғалуы, баланың жүгіруі, ұшақтың ұшуы т. б.
2). Жылу құбылыстары....- судың қайнауы, күннің жылуы т. б.
3). Дыбыс құбылыстары.....- құстың сайрауы, адамның сөйлеуі т. б.
2. 1) Электр құбылыстары....- лампының жануы, электр тогы, найзағайдың күркіреуі т. б.
2) Магниттік құбылыстары.....- денелердің бір - біріне тартылуы, т. б
3) Жарық құбылыстары....- күннің жарығы т. б.

Шығармашылық жұмыс: 1 - тапсырма (2)
Екі - үш табиғат құбылыстары туралы айту, әңгіме жазу.
7. Үйге: §1,§2§3. оқу. 2 - тапсырма.
8. Бағалау


Скачать


zharar.kz