Сабақтың тақырыбы: Санды өрнектер. Әріпті өрнектер
Сабақтың мақсаты:
a) Оқушыларды санды өрнекпен, әріпті өрнектермен таныстыру, әріптің мәнін өрнектегі орнына қойып, өрнектің мәнін таба білуге үйрету,
b) Оқуға саналы жауапкершілікке, өз бетінше еңбектенуге, тез ойлап, тез қорытуға және сөйлеу мәнеріне тәрбиелеу.
c) Оқушылардың логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру. Белсенділіктерін арттыру, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын дамыту.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, баяндау, сұрақ – жауап, ойын
Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар, дидактикалық ойындар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгелдеу, психологиялық дайындау
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1. Амалдарды орындау ережесі
2. Көбейту кестесін ойын түрінде пысықтау
ІІІ. Жаңа сабақтан түсінік
Оқушыларға мысалдар арқылы санды өрнектер, әріпті өрнектер туралы түсініктер беріледі.
Мысалы:
Математикалық өрнектер
Санды өрнектер -------------------------- Әріпті өрнектер
15 – 6; ----- 7+33: 3 ------------------------ 23 + а; 86+(36+2в)
17+(29+31); ---- 140: (63+7)
Санды өрнектер мен әріпті өрнектер - математикалық өрнектер.
Санды өрнектер:, мұндағы 15 - 9=6; 6 - санды өрнектің мәні.
а=3 23+3=26 - әріпті өрнек, 26 - саны әріпті өрнектің мәні
7а+3 – әріпті өрнегіндегі 7 саны коэффициент деп аталады.
Мысалы: с+7 өрнегінде с - ның коэффициенті 1 - ге тең.
2. Ауызша есептейік
• Сандық өрнектерге мысалдар келтіру
• Әріпті өрнектерге мысалдар келтіру
3. Оқулықпен жұмыс А деңгейінің тапсырмалары
№ 2. Өрнектерді оқыңдар.
№3 Әріпті өрнек түрінде жаз:
1) 45+а
2) 12*6
3) х: 9
4) 18 - у
№5 (5, 6)
5) в= 13, 9в - 36 = 9*13 – 36 = 117 – 36 = 81
6) d = 4, 14d +75 = 14*4+75 = 56+75 = 131
В деңгейінің тапсырмалары
№14(1, 4) а=4, (29а - 35): 27 = (29*4 – 35): 27 = 3
в= 8, 75+114:(27 - в) = 75+114:(27 – 8) = 81
С деңгейінің тапсырмалары
№ 22 1) х = у+6
2) х - у = 6
3) х - 6 = у
№ 23 х+у=42
(х+29)+(у - 13) =(х+у) + (29 - 13) =42+16=58
ІV Дидактикалық ойындар.
Блиц турнир ойыны Тапсырмалар үлестірмелі парақтарға жазылады.
• Асқар бағасы а теңгеден 3 қарындаш сатып алды, оның өзінде 20 теңге қалды. Асқарда алғашында неше теңге болған?
А. 20 - 3а; В. 3а+20;* С. 20А+3.
2. Бағасы в теңгеден 12 қасық және бағасы с теңгеден 12 стақан сатып алынды. Барлығының құны неше теңге тұрады?
А. (в - с)*12; В. 12в+с; С. 12 в + 12с*
3. 2 көйлекке в м мата жұмсалады. с метр матадан неше көйлек тігіледі?
А. (в: 2)*с; В. с:(в: 2);* С. в: 2+с.
4. 1 кг алма х теңге. 5 кг алма неше теңге?
А. 5х;* В. х: 5; С. 5 - х
V Қорытындылау
VІ Үйге тапсырма
VІІ Бағалау