Бюджет қатынастары – мемлекетпен, халық, мекемелер,кәсіпорындар арасында пайда болатын қаржы қатынастары деген ұстанымды ұстайтын болсақ, онда бір жағынан мемлекет кәсіпорындар, мекеме мен халық қаражаттарын ала отырып, мемлекет бұл қаражаттарды өз иелігіне жұмылдырады және өзінің мемлекеттік қызметін орындауға жұмсайды, сондай-ақ коммерциялық және коммерциялық емес салаларға, халыққа әсер етуге және тұтастай экономиканы реттеу қызметіне пайдаланады. Әсер ету нысандары әр түрлі болуы мүмкін: кәсіпорындарды қаржыландыру және қаражаттандыру; мемлекеттік инвестицияларды іске асыру; өнеркәсіптің қорғаныс салаларының айырбасталымын қаржыландыру арқылы экономиканың құрылымдық қайтақұруына әсер ету.Мұнда кіріс немесе шығыс баптарын ұлғайту немесе азайту қатынасы саяси кеудемсоқтыққа байланысты елдің халықпен айлаөшарғы жасау қаупі туындайды.Осыған орай , бюджет саясатының қалыптасуы , оның іске асуының бағытталуы барлық кезде тек экономикалық даму үрдістерімен ғана байланысты емес, сондайөақ саяси кеудемсоқтықты көрсетеді.Егер, бюджет саясатының бағытталуы экономиканың дамуы заңдылықтарының анықталуы негізінде емес, ал ол көпшілік дауыс пен көптеген түзетулер нәтижесінде анықталады, онда мұндай бюджет саясаты тұрақты болмай, үнемі өзгерту үстінде болады, яғни тек экономикалық саланың қайта қалыптасуы нәтижесінде ғана емес, сондай –ақ биліктің осы немесе өзге саласының жағжаяттық пайымдауынан.Макроэкономикалық реттеудің маңызды құралы болып бюджет саясаты табылады, ол салық салу мен мемлекеттік шығындарды өзгерту арқылы іскерлік белсенділік деңгейіне мемлекеттің әсерін көрсетеді.
2) Бюджет саясаты ұдайы өндірістік кезең аяқталуының нәтижесінде жинақталған, қаржы ресурстарын жұмылдыру бойынша мемлекеттің қаржы саясатының экономикалық мазмұнын анағұрлым толық көрсетеді, олардың мемлекет дамуының әлеуметтік-экономикалық басымдылықтарының пайдаланылуы және бөлінуі. Қаржы ағындарының қозғалысына реттеудің бастапқы принципі жиынтық тұтынудың өсуіне бағытталған ұдайы өндіріс үдерісінің барлық қатысушыларының мүдделерін ымыраға жеткізуден тұрады. Бюджет- бюджет саясатының негізгі құралы ретінде мемлекеттің қаржы жүйесінің барлық буындарын біріктіреді. Үлкен қаржы ағындарымен басқарудың қажеттілігі осыменен шартталған яғни бұған қоса экономиканы реформалауға арналған шетел несиелері мен инвестициялары елдің төлем балансын өзгерту мен жалпы қоғамдық өнімнің қозғалысына бюджет саясатының белсенді әсері де шартталған.Бюджет саясаты бюджеттің белгілі бір механизмін әзірлеу, қарастыру, бекіту, орындау, бақылау, бюджеттің орындалуы туралы есептің қызмет етуінің әр түрлі бюджет деңгейінің өзара байланысына негізделген. Егер, дамыған елдерде ортақ валютаөқаржылық жүйені жасау бөлігінде қуатты және қаржы саласында орталықтан бағытталған беталыстар айқын түрде көрініс табады.Ал, бұрынғы кеңес үкіметі аумағында қаржы жүйесінің жергілікті деңгейлерін өзін-өзі қаржыландыру, жеке аймақтар мен жергілікті көздерінің мәні мен рөлін күшейту және егеменділіктің қалыптасуының қажеттілігі жандандырылады. Республикада бюджет жүйесінің дамуы аймақтық деңгейдің тұтас шаруашылық кешенінің тиімді қызмет етуін қамтамасыз ету мақсатында қаржы жүйесінің ортақ шеңберіндегі қаржы буындарының жергілікті және орталық өзара әсерінің тиімді нұсқасын іздеу жолында.Бюджет экономикаға бюджет механизмі арқылы әсер етеді. Экономикаға тұтастай әсер ету құралы ретінде бюджеттің бөлу және бақылау қызметі осыдан көрінеді. Осыған байланысты бюджет саясаты қолда бар қаржы ресурстары мен сұраныстарын қанағаттандыру кірістер мен шығыстар бойынша бюджет шешімерін таңдау және қаржы жүйесін бағалауды қарастырады. Басқаша айтқанда, бюджет саясатын бюджет үдерісін ұйымдастыру жағынан алғанда, бюджет заңдылығын бұзғаны үшін жауапкершілік есебінен бюджеттің барлық деңгейінің орындалуына бақылау, бекіту, қарастыру және құрастыру тәртібі ретінде қарастырылуы мүмкін.
3) Бюджет жүйесінің қызметі етуі қағидалар негізінде қамтамасыз етіледі:
- барлық бюджеттің біртұтастығы, толықтылығы, нақтылығы, жариялылығы және дербестігі;
- мемлекеттік қаржы статистикасының біртұтас нысаны, ортақ бюджеттік сыныпталу, біртұтас қаржылық базаның бар болуы;
- бюджетте барлық түсімдердің толық көрінуі және түсімдердің қайта бөлінуі арқылы бюджеттің икемді өзара іс-қимыл;
- мемлекеттің ақша несие саясатының өзара іс-қимылы және ақша жүйесінің біртұтастығы;
Жергілікті билік органдарының шығыстық өкілдігімен байланысты бюджет шығыстарын ең аз жасау принциптерімен, аумақтар дамуының әлеуметтік- экономикалық шығыстарының бюджетіне, теңгеріміділікке байланысты, олардың бюджет шығыстарын ұлғайту қызығушылығында жергілікті бюджет табыстарының саралануы жүреді.Қазақстан Республикасы аймағының жеке бюджеті бұл – елдің бюджет жүйесінің дербес буыны, яғни жергілікті бюджет.
4). Қазақстанда жергілікті бюджеттер бағалы қағаздар нарығына шықпастан бұрын ең алдымен бірқатар ұйымдастырушы – қаржылық шараларды іске асыр қажет. Ұсыныстар орталық жіне жергілікті басқару органдарының әрекеттеріне тікелей қатысты және ұсынытарды жергілікті бюджетті нығайту үшін жүргізу қажет, оны жүргізгенне соң жергілікті алыс- берістерді тиімді дамыту төмендегілерге негіделеді:
1. үкіметтік деңгейде қаржы саласын орталықсыздандыруға бағытталған заңдарды қабылдау керек. Бұл жергілікті әкімшіліктерге өзінің табыстарын, оның ішнде жергілікті қарыздарды ұлғайту үшін әр түрлі құралдарды пайдалануға рұқсат етеді.
2. Жергілікті басқару органдары есептілік және өзінің жұмысының айқындылығын қамтамасыз ету бойынша міндеттемелерді сақтауы тиіс. Халықпен теріс қарым-қатынас, бюджеттің айқындылығының жоқ болуы ішінара шығындалуға және күдікті мақсаттардың болуына алып келеді.
3. Жергілікті басқару органдарының несиені өтеу қабілетінің рейтингін тәуелсіз сараптауды баалауды алдын-ала жүргізу қажет.
2003 жылы облыстықң жергілікті бюджеті нақтыланған бюджетке табыстар бойынша 105,2 %-ға, шығыстар бойынша 98,4 %-ға орындалды. Табыстар мен шығыстар бойынша нақтыланған бюджетке кассалық орындалудың %-дық қатынасы артығымен орыындалды. Бұл дегеніміз жергілікті бюджет көлемінің артығымен көрсетеді.
Жергілікті бюджет бұл өте серпінді санат, сондықтан аймақтық саясатты мемлекеттің экономикалық өміріне әсер ететін әр түрлі факторлардың есебімен жүзеге асыру қажет. Бұл экономиканың құрылымындағы өзгеріс, халықтың әлеуметтік кепілдігінің деңгейі, халыхтың жасына қарай және кәсіби құрылымының өзгеруі. Жеке аймақтардың экономикалық дамуы деңгейінің әркелкі юолуы және олардың әр түрді тұрпаттары бойынша сараланымы жергілікті бюджет қаражаттарының қалыптасуы мен жұмсалуына әсер етеді.