Сабақтың тақырыбы: Барыс септік
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік. Зат есімнің септелуі туралы түсініктерін кеңейту. Септік жалғауларын және сұрақтарын толық меңгерту. Барыс септіктегі сөздердің қандай сұрақтарға жауап беретінімен және оның жалғауларымен таныстыру.
2. Дамытушылық. Балалардың таным қабілеттерін дамыту, сабаққа деген қызығушылығын арттыру, сөздік қорын, күнделікті сөйлеу тілін дамыту.
3. Тәрбиелік. дәптермен жұмысты орындау кезінде ұқыптылыққа тәрбиелеу, білетінін дәлелдей білуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар барыс септіктегі сөздерді сұрақ қоя отырып таба біледі.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: жеті модуль
Көрнекілігі: слайд, сызбалар, деңгейлік тапсырмалар, үлестірмелі қима қағаздар, түрлі - түсті фишкалар.
Құрал - жабдықтар: компьютер, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: математика, ана тілі, музыка
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй тапсырмасын тексеру
III. Өткен сабақты еске түсіру
IV. Жаңа сабаққа даярлық
V. Жаңа сабақты түсіндіру
VІ. Тапсырмалар орындау арқылы жаңа сабақты меңгерту
VIІ. Жаңа сабақты бекіту
VІІІ. Рефлексия
ІХ. Оқушыларды бағалау
Х. Үйге тапсырма
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Балалар бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ. Ендеше бүгінгі сабаққа белсенділікпен қатысып, өз білімдеріңді ойдағыдай көрсетеді деп сенемін.
Олай болса Сәлем – сөздің анасы деген мәтелді ескере отырып, ең алдымен амандасып алайық.
Қазақ тілі - өз тілім, ана тілім.
Абай, Мұхтар сөйлеген дара тілім.
Қастерлейді ұл қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дана тілім дей отырып қазақ тілі сабағымызды бастайық.
1. 1. Психологиялық дайындық
- Балалар, біз қай мемлекетте тұрамыз? Иә, біз Қазақстан деп аталатын тәуелсіз, үлкен мемлекетте тұрамыз. Сендер - осы мемлекеттің азаматысыңдар, еліміздің болашағысыңдар. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев Еліміздің болашағы білімді ұрпақ қолында деп сендерге зор үміт артып отыр. Себебі еліміздің ертеңі келешекте сендердің қандай адам болатындарыңа байланысты, ал сендердің болашақтарың қазіргі алған білімдеріңе байланысты. Яғни сендер келешекте мемлекетіміздің өркендеуіне үлес қосамыз десеңдер жақсы білім алуларың керек. Ол үшін сабақты жақсы оқуларың керек. Біздің мемлекетіміздің жері кең байтақ. Сендер бүгінгі алған білімдерің арқылы осы жеріміздің, еліміздің гүлденуіне өз үлестеріңді қосасыңдар. (6, 7 - слайдтар)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
30 - жаттығу 96 - бет.
Өткен септіктерді қайталау.
ІІІ. Өткен сабақты еске түсіру
- Балалар, өткен сабаққа шолу жасап кетейік.
Ендеше балалар сендерге 7 ұяшықтан 7 тапсырма көрсетіледі.
Сұрақ – жауап. Ойлана отырып жауап беріңдер.
Сұрақ - жауап
1. Морфология нені зерттейді?
2. Зат есім деген не?
3. Зат есімнің септелуі деген не?
4. Қазақ тілінде неше септік бар? Атап беріңдер.
5. Атау септігі туралы айт?
6. Ілік септігі туралы не білесіңдер?
7. Ілік септігі жалғанған сөздерді атап бер?
(Әр сұраққа бір оқушыдан келіп жауап береді.)
ІV. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашу
1. 2. Ойлан тап кезеңі
Құпия сөзді табу арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады.
Шарты: - Мына берілген амалдарды орындаймыз. Сонда шыққан нәтиже санның керекті әрпін, төмендегі ұяшыққа жазамыз.