Қазақ халқының шығармашылық дәстүрі
Конспект
Қазақ халқының ауыз әдебиетінде жыраулар поэзиясы ерекше орын алады. Әйгілі Сыпыра жырау – Қазақстанның батысында өмір сүрген қазақ пен ноғайға ортақ тұлға. Ауыз әдебиетінде Асан Қайғының Жәнібек ханмен бірге болғандығы айтылады. Аңыз бойынша, Дешті Қыпшаққа әйгілі Қотан ақынның ұлы Дайырқожа Әбілхайырдың атақты билерінің бірі болған. Оны әділ билік жүргізгені үшін халық Ақжол би атап кеткен. Доспамбет жырау өлеңдерінен жерін жаудан қорғауға шақырған жалынды насихат сарыны сезіледі. Қазтуған Сүйінішұлының белгілі жыры – “Алаң да алаң, алаң жұрт”. Шалкиіз Тіленшіұлы жырынан асқан дарынды ақынның асқақ бейнесі мен асыл текті жауынгер - батырдың құдіретті болмысы көрінеді. Жиембет жырау Бортоғашұлы Есім ханның əскербасы және кеңесшілерінің бірі болған. Ол “Əмірің қатты, Есім хан” толғауын жырлаған. Марғасқа – Есім ханның ең жақын жорық жырауы болған. Жырау “Еңсегей бойлы ер Есім” атты жеті мың жолдық тарихи жырды шығарған. Ақтамберді Сарыұлы – “Ақтабан шұбырынды” оқиғаларының куəгері. Жырау Доспамбет, Шалкиіз дәстүрлерін жалғастырушылардың бірі болды. Үмбетей жырау батырларды мадақтап, елге таныстырып отырған. Оның “Бөгенбай өліміне”, "Ей Ақтамберді, Қабанбай", "Бекболат биге" атты жырларының тарихи танымдық жағы басым. Бұхар жырау Қалқаманұлы ел билеу ісіне араласып, Абылай ханның ақылшысы болған.
Қазақ халқының саз өнері – халық болып қалыптасқанға дейінгі ру - тайпалардың музыкалық өнерінің тікелей жалғасы. Қазақ халқының өмірінде музыканың айрықша орын алатынын 13 - 15 ғасырларда Қазақстан жері арқылы өткен саяхатшылар – Плано Карпини, Вильгельм Рубрук, Марко Поло, Рузбихан, Якуб жазып кеткен.
Қазақ халқының бүгінгі таңда 40 - тан астам музыкалық аспаптары бар. Жау шапқанда дабыл, дауылпаз, ұран, керней арқылы елге хабар беріліп отырған. Бақсы - балгерлер зікір салғанда даңғара, асатаяқ, шаңқобызды пайдаланған. Балшықтан, қамыстан, мүйізден үрмелі аспаптар – сазсырнай, сырнай, сыбызғы, адырна, ұран, керней жасалады. Ішекті музыкалық аспаптар – жетіген, шертер, домбыра, қобыз. Cоқпалы аспаптар – даңғыра, дауылпаз, шыңдауыл, дабыл, асатаяқ.
Конспект сұрақтар
1. 14 ғасырда өмір сүрген, қазақ пен ноғайға ортақ тұлға, әйгілі жырау:
2. Доспамбет жыраудың қайтыс болған жері:
3. Кавказдың терістігі, Қырым, Дон бойында әскери жорықтарға қатысқан жырау:
4. Жиембет жыраудың шығармасы:
5. Марғасқа жыраудың өмір сүрген кезеңі:
6. Ақтамберді жыраудың өлім жазасына бұйырылып, қашып құтылған жылы:
7. Үмбетейдің жыраулық жолға түсуіне әсер етті:
8. Абылай ханның ақылшысы болған жырау:
9. Қаңлы елінің музыканттары туралы хабарлайтын дерек:
10. “Бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай көрінеді” деп жазды:
11. Қазақ халқының музыкалық аспаптарының саны:
12. Қазақ халқының саз аспаптарының ішіндегі үрмелі аспабы:
Тақырыптың тесті