Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында

Скачать

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,
№11 мамандандырылған физика - математика мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің математика пәні мұғалімі
Ескалиева Бактилы Кзылгуловна

Жаңаша оқу - жаңа ғасыр талабы
ХХI ғасырдағы өркениетті дамудың талабы жаңа білім парадигасы бірінші орынға баланың білімін, білігін, дағдысын емес, оның тұлғасын білім алу арқылы дамытуды қойып отыр. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды – машыққа қол жеткізу ғана емес, кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады ,- делінген. Сондықтан қазіргі білім жүйесіндегі өзгерістер яғни мектеп мұғалімдерінің алдындағы тұрған басты мақсат пен міндет - оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру екенін түсінуіміз керек.

Үйрету, бағыт - бағдар беру неден басталады?- деген сұраққа келер болсақ, жас ұрпақты өзгермелі өмірге дайындау үшін мұғалімдерге білім беру бағдарламасы шеңберінде шектеліп қалуға болмайды.
Әрбір бала айналасындағы адамдармен, құрбы - құрдасымен қарым - қатынас жасауды, өз бетімен жұмыс істеуді мектептен бастайды, өмір заңдылықтарын да осы алтын орда – білім ұясынан үйренеді.

Мен 2013 жылдың 13 сәуір мен 13 шілде аралығында Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ шеберлік орталығынан өз біліктілігімді арттырған едім. Дәстүрлі оқыту мен жаңаша оқыту әдістері ерекшеліктерін оқып үйрендім. Осы соңғы білім жүйесіндегі өзгерістерге қызыға қарап құлшыныспен іс - тәжірибеме өзгерістер енгізу керек екенін түсіндім. Өзімді, оқушыларымды, басқа әріптестерімді, тіпті ата - аналарды да өзгерту керек екендігін ұғындым. Бұл технология бойынша сабақтарда 7 модуль қолданылады. Сол модульдің бірі Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау сабақтарда жұптық жұмыс орындағанда оқушылардың өзін - өзі бағалауда ерекше айқын көрінісін тапты. Бағалау - деген сөз қатар отыру дегенді білдіретін латын сөзінен шыққаны жай емес мысалы әртүрлі екі топта отырған екі оқушыға бірдей тапсырма беріп, олардың шығарған есептерін алмастыру арқылы бір - бірінің қатесін тексеріп бір - бірін бағалайды. Мен бұл жұптық жұмысты мен үнемі сабақтарымда қолданамын. Себебі оқушыларға бұл әдіс ұнайды. Әрине сыныпта білім деңгейлері әртүрлі оқушы отырғандықтан А деңгейлі тапсырманы А деген оқушыларға ға, ал В деңгейлі тапсырманы В деген оқушыларға әрине С деңгейлі тапсырманы С деген оқушыларға беріп орындатамын. Орындап болған оқушылар алмастыру арқылы бір - бірін бағалайды. Біздің математика сабағына бұл әдіс өте ыңғайлы себебі оқулықта да, есептер жинағында да барлық тапсырма А, В, С деңгейлі болып бөлінген. Ал Сын тұрғысынан ойлауға үйрету бұл барлық математиканың сабақтарында тыс қалмай жүзеге асатын модуль. Геометрия сабақтарында оқушылардың үнемі жіберетін кемшіліктері белгілі бір тапсырмадағы тұжырымға назар аудармау. Мұғалімдерге арналған үлестірме материалда жазылған Аризона Университетінің профессоры доктор Маридис Витт ұсынған БКТЗО кестесін қолданып көрдім.


Скачать


zharar.kz