Сабақтың тақырыбы: Ғабит. Мүсірепов. Көлде
Сілтеме: Орта мерзімді жоспар, оқулық
Сабақтың мақсаты: АКТ модулін басшылыққа ала отырып, әдіс - тәсіл арқылы жаңа тақырыпты қабылдауын жеңілдету; Сыни тұрғыдан ойлау арқылы тақырыптың мағынасын ашу, диалогты оқыту әдісін қолдану арқылы тіл байлығын, сөздік қорын, көркем сөйлеу дағдысын дамыту. Жас ерекшелігіне сәйкес білім беру мен оқу модульін басшылыққа ала отырып семантикалық карта стратегиясы арқылы оқушылардың білім деңгейін анықтау.
Оқытудың мақсаты: Ана тілі сабағында білім берудің жаңа әдіс - тәсілдері арқылы жеті модульді ықпалдастыра отырып, еркін сөйлеуге, өзіндік бағалау дағдысын қалыптастыруға үйрету.
Міндеті:
1. Мәтіннің мазмұнын меңгертіп, оқу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру, байланыстырып сөйлеуін дамыту, өзіндік ой - пікірін айта білуге баулу.
2. Табиғатқа, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
3. Көз алдында елестету арқылы есте сақтау, еске түсіру қабілеттері бойынша табиғатты, құстарды қорғауға баулу.
Оқыту нәтижелері: Оқушылар сыни тұрғыдан ойлай отырып,
өз ойларын жүйелі жеткізіп, көлдегі құстардың өмірі жайлы, табиғат әлемінің әсемдігіне зер сала отырып бағалай біледі.
Тапсырмалар Сөзжұмбақ, жұмбақтар шешу. Мәтінді мәнерлеп түсініп оқу, Семантикалық карта. INSERT - әдісі ББҮ
Кейінгі тапсырма Үйге тапсырма: Мәтінді мәнерлеп оқу, түсінік айту. Тақырыпқа байланысты мақал - мәтел жаттау.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық
Балалар (хормен)
Қайырлы күн деп айтамыз
Бір болып кеште қайтамыз,
Отбасының гүліміз.
Көңілді өтер күніміз.
Бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын сендерге бірнеше сауалдар тастап, топқа бөліп алсам деймін.
- Биыл қазақша жыл санауда қай жыл?
- Жылқы жылы.
- 1жылда неше күн бар?
- 365 - 366 күн бар.
- 1жылда неше мезгіл бар?
- 4 мезгіл бар.
- Қандай мезгілдер?
- Қыс, көктем, жаз, күз.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем мезгілі.
- Орыс тілінде көктем мезгілін қалай атайды?
- Весна.
- Көктем айларын атаңдаршы?-
- Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр.
- Олай болса, біз бүгінгі сабағымызда 3 топқа бөлінеміз: наурыз, сәуір, мамыр.
Көшбасшыны тағайындау. Бағалау бетшесін тарату.
Топтың ережесі:
- Ендеше, топтың ережелерін еске түсірейік.
1. Мұғалімді тыңдау.
2. Уақытқа бағыну.
3. Бір - бірімізді тыңдау.