Денелердің электрленуі. Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы. Электроскоп. Өткізгіш және өткізбейтіндер.
Физика 8 сынып
Сілтеме: Жоспар.
Жалпы мақсаты:
1. Денелердің электрленуі. Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы. Электроскоп. Өткізгіш және өткізбейтіндер жайлы мағлұмат беру.
2. Денелердің электрленуі. Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы. Электроскоп. Өткізгіш және өткізбейтіндерді күнделікті өмірде және өндірістерде қолдана білуге үйрету.
3. Топта бағалай білуге баулу.
Топта бағалай алатын болады Негізгі идеялар: Бір - бірімен жанасқанда денелердің өзара әсерлесу құбылысын денелердің электрленуі, сол кезде туындайтын күштерді электр күштері деп атайды.
Мысалдар: Эбонит таяқшаны жүнге үйкегенде электрленеді де, өзіне ұсақталған қағазды тартады. т. б.
Денелердің электрлік өзара әрекеттесу қасиетін сипаттайтын физикалық шама электр заряды деп аталады.
Көрсетілетін тәжірибелер:
Шарды жүнге үйкегенде ұсақ қағазды өзіне тартуын көрсету. Шыны таяқшаны шайыр матаға үйкеудің нәтижесінде, сұлтан жапырақшаларын өзіне тарту көрсету.
Электр зарядының сақталу заңы: тұйық жүйеде денелердің электрлену құбылыстарының барлығында электр зарядтарының қосындысы сақталады. q1+q2+...+qn=const
Денелердің электрленгенін білуге арналған құрал – электроскоп., электрометр.
Тапсырмалар: Топтық жұмыс Конвертпен сұрақ
Тапсырмалар: Топтық жұмыс Ойлан, жұптас, пікірлес
Тапсырмалар: Жеке жұмыс Блум таксономиясы
Тапсырмалар: Топтық жұмыс Миға шабуыл
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І. Ұйымдастыру (2 минут)
1. 1. Сәлемдесу
1. 2. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
1. 3. Түгелдеу
1. 4. Топқа бөлу (1, 2, 3, 4 сандары арқылы 4 топқа бөлінеді)
Блум таксономиясы
1. Білу Үй тапсырмасын сұрау (5 минут) Конвертпен сұрақ кезеңі. Әр топқа 4 сұрақтан тұратын конверт беріледі.
2. Түсіну Үй тапсырмасы мен жаңа сабақты байланыстыру. (3 минут) Миға шабуыл кезеңі.
1. Дененің электрленгенін қалай анықтаймыз?
2. Электр атауы қайдан шыққан?
3. Қандай жағдайда электрлену өтеді?
4. Электрленген дене деп қандай денені айтады?
3 Қолдану Жаңа сабақты түсіндіру.(15 минут) Ойлан, жұптас, пікірлес кезеңі. Топқа тақырып бөліп беріледі. Әр топ өзіне берілген тақырыпты түсіндіреді.
1. Электр сөзінің шығу тарихы.
2. Денелердің электрлену құбылысы.
3. Электр заряды, электр зарядтарының өзара әрекеттесуі.
4. Электроскоп. Электрөткізгіштер және электр тогын өткізбейтіндер.
4 Сергіту сәті: (2 минут) " Ойымды жалғастыр" Формуланың басын жазып, әрі қарай басқа оқушы жалғастырады.
5. Талдау (5 минут) " Тәжірибе көрсету" Электрлену құбылысының мәнін ашу, тәжірибемен түсіндіру.
6. Жинақтау Жаңа сабақты пысықтау. (5 минут) Сұрақтар шеңбері кезеңі. Әр топқа айландырып, логикалық сұрақтар беріледі.
1. Қараңғыда қант сындырғанда әлсіз жарқылды байқауға болады. Осы құбылысты түсіндір.
2. Зарядталған қағаз қиқымдары әрқашан жақындатылған қолға тартылады. Неге?
3. Тараған кезде шаш тараққа тартылады - дейді. Ал шаштың тарақты тартуы мүмкін бе?
4. Жазды күні мысықтың немесе қойдың арқасын сипасаң, сытырлаған дыбыс естіледі, қараңғыда ұшқынды да байқауға болады. Осыны түсіндір.
5. Неге әжетхана, моншаның, тағы да сол сияқты ылғал бөлмелердің электр ажыратқыштары сыртқа орналастырылады?
7. Бағалау (3 минут) Электр тогының пайда болуын білу біз үшін маңызы қаншалықты?
8. Рефлексия. (2 минут)
9. Кері байланыс. (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)
10. Кейінгі тапсырмалар. Эссе: Біз электр тогын қайдан аламыз?
11. Кейінгі оқу. § 29, 30. Денелердің электрленуі. Электр заряды. Электр зарядының сақталу. заңы. Электроскоп. Өткізгіш және өткізбейтіндер. Атомдардың құрылысы.
Слайдын жүктеу