Математика 4 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Үш таңбалы санға көбейту және бөлу.
Мақсаты: 1) Оқушыларға үш таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу жайында түсінік беру;
2) Баған түрінде көбейту мен бұрыштап бөлу жағдайларын негіздеу. Ой - өрісін, өз бетінше тапсырма орындау қабілетін дамыту;
3) Ұқыпты, ретті жазу дағдысын қалыптастыру. Адамгершілікке, достыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд.
Әдісі: ойын, сұрақ - жауап, түсіндіру, іздену.
Түрі: ойын сабақ.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Бір, екі, үш
Сынып іші тып - тыныш.
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз.
ІІ. Тездет, бірақ қателеспе! ойыны
Үш қатардан 3 оқушы шығып тақтада орындайды.
88101+9870: 35 = 88101+282 = 88383
49469 - 14382: 47 = 49469 - 306= 49163
51643 - 22320: 36 = 51643 - 620= 51023
ІІІ. Математикалық диктант.
85 - ті 10 есе арттыр
85 - ті 11 - ге көбейт
935 - ке 85 - ті арттыр
8700 - ді 100 есе кеміт
ІҮ. Тез жауап бер ойыны.
‹А) Мына сандардағы әр цифр нені білдіреді? 306, 698, 540
Б) Әр сандағы 7 цифры нені білдіреді? 753, 78, 407, 777
В) Сандар қатарын жалғастыр:
1 5 25 125.........
254 250 246.........
Ү. Жаңа сабақ.
5х 457 - Бірінші көбейткіш неше таңбалы сан?
- Екінші көбейткіш ше?
- Көбейтуді қалай орындаған тиімді?
2285: 457 Бірінші толымсыз бөлінгіш үш таңбалы сан бола алмайды, өйткені 228 ‹457.
Олай болса 2285 - ті 100 – ге бөлеміз. Енді 22 - ні 4 – ке бөлеміз, 5шығады. Бөлінді мәнінің
Байқау цифры 5, тексереміз сәйкес келеді. 2285 - тің 457 - ге бөліндісі 5 - ке тең.
ҮІ. Кім жылдам? №3 тапсырманы 3 оқушы тақтада орындайды.
ҮІІ. Ойлан тап . №5 тапсырманы өз беттерімен орындау.
ҮІІІ. Қатесі болса, түзет .
3781: 465 = 8(қалд. 60)
2698: 319 =7(қалд. 154)
5693: 927 =6(қалд. 31)
ІХ. Жоқ санды тап .
ХІ. Рефлексия.
ХІІ. Бағалау.
Үйге тапсырма: