Сабақтың тақырыбы: Білімді ұрпақ – ертеңгі болашақ
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Сынып оқушыларының пәндер бойынша алған білімдерін саралау, ой ұшқырлықтарын байқау, топпен бірлесе отырып жұмыс істей білуге және өз білімін көрсете білуге үйрету.
Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорларын молайту, дүниетанымдығын кеңейту, тіл байлығын, шығармашылық қиялын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге және шығармашылықпен еңбек ете білуге дағдыландыру.
Тәрбиелігі: Болашаққа өз үлесін қоса білетін, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу, туған тілімізді сүюге, туған елін, жерін құрметтеуге, жан - жақты білімділікке баулу. Ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, қима әріптер, топ аттары, төс белгі, қораптар.
Әдісі: Сұрақ - жауап, ой қозғау, болжау.
Типі: білімді бекіту.
Пән аралық байланыс: әдебиеттік оқу, қазақ тілі, математика, дүниетану.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сайысқа 2 топ болып, бүкіл сынып қатысады.
Жоспары:
І. Кіріспе. Әр топ өздерінің тобын, ұранын айтып шығады.
ІІ. Өлең – сөздің патшасы Мәнерлеп оқу сайысы.
ІІІ. Тапқыр болсаң, тауып көр . Ұяшықтарды жасырылған мақалды аяқтау.
IV. Қызықты төрттік. 4 пән бойынша сұрақтар беріледі.
V. Өнерлі өрге жүзер . Екі топ өз өнерлерін көрсетеді.
VI. Қорытынды.
Кіріспе сөз: Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар: Бүгінгі Білімді ұрпақ – ертеңгі болашақ атты сайыс сабаққа қош келіпсіздер!
Бұл сайысқа екі топ қатысады.
1 – топ Білім
2 – топ Ғылым
Ал енді сайысымыз әділ де шыншыл өту үшін әділ - қазылар мүшелерін сайлайық.
Халық даналығында Ойнай білмеген, ойлай да білмейді , Ойында озған, өмірде де озады деген аталы сөз бар. Ойын ережесі 6 айналымнан тұрады. Ал балалар мен алдарыңа қима әріптер қоямын, сол әріптерді ретімен дұрыс қоясыңдар өте мағыналы сөз шығады. Сол сөз сендердің топтарыңның аты.
- Қане қай топ бірінші құрастырса, сол топ бірінші бастайды.
Ал қанекей сайысты біз бастайық. Өзімізді таныстырып тастайық. Топтар өздерін таныстырып өтсін. Ең жоғары баға - 5 ұпай.
1 - Топ. Біздің топ Білім
Топтың ұраны:
Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар
Топ басшысы:
Көңілді тапқырлар, білгіштер,
Бар өнерін алдарына салады.
Кім біледі, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жетелер,
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер.
2 – топ. Біздің топ: Ғылым
Топтың ұраны:
Ғылым деген – бір бұлақ,
Көлшілер көзін ашпаса