Әсем - сен әсемсің

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Сын есімнен өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың сын есімнен алған білімдерін нығайту, тиянақтау, бір жүйеге келтіріп қорыту, теориялық білімін практикамен ұштастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың тапқырлық ізденімпаздық, танымдық қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын тиянақты жеткізуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Ана тілінің заңдылықтарын сүйе білуге үйрету, пәнге деген қызығушылығын ояту, оқушыларды адамгершілікке, ізеттілікке, әдептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Қайталау сабағы.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, деңгейлік тапсырмалар, карточкамен жұмыс, талдау, практикалық, проблемалық жағдаят, қайталау, іздендіру, шығармашылық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Кестелер, сөзжұмбақ, сызбалар, карточкалар, сурет.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылармен амандасу, түгендеу.
ә) Психологиялық дайындық.
Қазір сендер бір - бірлеріңе есімдерінің бірінші әрпінен басталатын мінездеріне байланысты жақсылық сөзін сабаққа ұран етіп сыйлайсыңдар.
Қабылжан – сен қабілеттісің.
Аңсат – сен алғырсың.
Әсем – сен әсемсің.
Бауыржан – сен білімдісің.
Айдын – сен айбаттысың.
Даниял – сен дарындысың.
Айлаза – сен аяулысың.
Дінмұхаммед – сен досшылсың.
Ұлфат – сен ұқыптысың.
Ізбасар – сен ізденімпазсың.
Әбілмансұр – сен әйгілісің.
Шыңғыс – сен шыдамдысың.
Рамазан – сен рақымшылсың.


Скачать


zharar.kz