Басыңқы сыңарыбіз

Скачать

Презентация сабақ
Қазақ тілі (4 - сынып)
Сабақтың тақырыбы: Сөз тіркесі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың сөйлемдегі сөздердің байланысы туралы түсініктеріне сүйене отырып, сөз тіркесімен таныстыру. Сөз тіркесінің түрлері туралы алғашқы түсінік беру. Сөз тіркесін құрастыра отырып, олармен сөйлем құрауға дағдыландыру;
Дамытушылық: алған білімін іс жүзінде қолдана білу арқылы ой - өрісін дамытып, өз ойын толық жеткізе білуге баулу, сөздік қорын молайту, шығармашылық қабілеттерін шыңдау, оқушылардың топпен жұмыс істеу, есте сақтау, зерделеу қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: оқушыларды сауаттылыққа, дұрыс мәдениетті сөйлей білуге, жылдамдыққа, ұқыпты таза жазуға, Отанын сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, ойын құралдары, деңгейлік тапсырма, үлестірме қағаздар, ереже, т.б.
Ереже
Алдыңғы сөз соңғы сөзге бағына байланысқан екі не одан да көп сөздер тобын сөз тіркесі дейміз.
Сөз тіркесінің түрлері:
1) қиысу - біз оқушымыз, мен сөйлеймін;
2) меңгеру – мектепке келу, үлкенді сыйлау;
3) матасу – менің орным, көлдің балығы;
4) қабысу – ағаш қасық, көк шөп, төрт тоқсан;
5) жанасу – тез оқу, таңданғандай қарау.
Сөз тіркесі
1. Бағынышты сыңары ------- 2. Басыңқы сыңары
біз ------------------------------------------------ оқушымыз
мектепке ---------------------------------------------- келу
менің ----------------------------------------------- орным
ағаш -------------------------------------------------- қасық
жиырма екі --------------------------------------- оқушы
тез ------------------------------------------------------ оқу

Сөз тіркесінің түрлері
1. Есімді тіркес ------------------------------- 2. Етістікті тіркес
Басыңқы сыңары зат есім,--------------- Басыңқы сыңары
сан есім, есімдік, сын есімнен ---------- етістіктен болады
болады.
Болашаққа (неге?) аманат -------------- Асықпай сөйледі
Алтын (қандай?) сағат ------------------------------- Ерте келді
Ағасы (кімі?) осы -------------------------------------- Тез жүрді

Сергіту сәті
Деңгейлік тапсырма
1. Сөз тіркесінің астын сыз: (жаман жақсы, жаман нашар, жаман ой)
2. Сөз тіркесін құрастыр: (айран, өмір, сабақ, тұщы, ұзақ, қызық)
3. Бірінші сыңары сан есім, екінші сыңары зат есім болатын сөз тіркесін құрап жаз


Скачать


zharar.kz