Адам тұлғасын бейнелеу

Скачать

5 сынып.
Сабақтың тақырыбы: Адам тұлғасын бейнелеу.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Адам анатомиясы туралы түсінік беру, адам тұлғасының құрылымын көрсетіп, оқушыларды сауатты сурет салуға үйрету.
ә) Дамытушылық: Сурет салудың заңдылықтарын меңгерту арқылы, адам пропорциясын, пішінін дұрыс салу жолдарын үйрету. Оқушыларды көзбен елестете біліп, дұрыс бейнелей білуге баулу. Көлеңке мен жарықты сауатты бейнелеуге үйрету. Өнер түсінігін қалыптастыру. Атақты суретшілердің туындыларымен таныстық.
б) тәрбиелік: ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелей келе, эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ, суретпен жұмыс.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, қызығушылықтарын ояту, үйрету, орындату.
Сабақтың көрнекілігі: қойылым, нұсқа 3 кезеңдік адам тұлғасының долбарларын салу үлгісі, адам анатомиясының суреттері, суретшілердің туындылары.
Құрал - жабдықтар: А3 формат, түрлі конструктор қарындаштар, өшіргіш, сызғыш, т. б.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Білімдерін тексеру.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
IV. Тапсырмаларды орындау.
V. Сабақты бекіту.
VI. Үйге тапсырма беру.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасып, түгендеп, сабаққа көңілдерін аудару. Адам анатомиясының құрылымын үйрету арқылы суатты сурет салуға баулу. Ең алдымен бейнеленетін заттың жалпы пішінін қағаз бетіне дұрыс белгілеуден бастау қажет. Ол үшін оқушыларға бейнелеу өнеріне байланысты заңдылықтардан бірнеше теориялық сұрақтар қояйын.

ІІ. Білімдерін тексеру:
Адам денесінің құрлысы туралы не білеміз?
- бейнені қағаз бетіне қалай орналастырамыз? (композициясы)
- композициядағы тепе - теңдікті қалай бейнелейді? (орналастыру заңдылығы арқылы)
- бейнені безендіріп әрлеу үшін не керек? (штрихтау, бояу)
- компоновка дегеніміз не? (қағаз бетіне бейнеленетін затты үйлесімді орналастыру ).

- пропорция дегеніміз не? (бейнеленетін заттардың үлкенді - кішілі бөлігінің арақатынасын салыстырып белгілеу).
- жарық дегеніміз не? (бейнеленетін заттардың күн сәулесі түскен бөлігін атаймыз).
- көлеңке дегеніміз не? (заттардың бетіне жарық түспеген бөлігі. Яғни ол меншікті көлеңке деп те аталады. Бейнеленетін заттың көлемі және формасы жарық пен көлеңке арқылы беріледі).
Оқушылар жаңа сабаққа көшпес бұрын, өткен сабақты есімізге түсірейік. Өткен сабақта біз адам басының суретін бейнеледік. Адамның басын салу үшін нені білу керек? Өткен сабақта не ұқтық? Өткен сабақты қорыту ретінде адам басының құрлысын білеміз бе? атты сұрақ - жауап ойынын өткізейік.

Адам басының құрлысын білеміз бе? ойыны:
Мұғалім адам басының суретін тақтаға іледі, және балаларға сұрақтар:
Адам басының суретін салу үшін нені білу керек? (Бас сүйек құрлысын)
Бастың негізгі мүшелері көз, ауыз, мұрын, құлақты жасау үшін бастың құрлысын қанша бөлікке бөлеміз? (үш бөлікке және көз, ауыз сызықтарын бөліктің ішінен табу)
Бастың негізгі мүшелері көз, ауыз, мұрын, құлақты жасау үшін қандай геометриялық денелерді қолданамыз. (Көзді - шарға, ауызды - параллепипедке, иұрынды - призмаға, құлақты - овалға жұмыртқаға)

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
- Балалар, бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы: Адам тұлғасын бейнелеу . Бүгінгі сабақта Адам анатомиясымен танысып, Адам тұлғасын белгілейтін өлшем бірліктерін қолдана отырып адам тұлғасын бейнелеуді үйренеміз. Сондықтан да жаңа сабақты мұқият тыңдап қатысып отырайық.
Портрет - өздерің білетіндей бейнелеу өнерінің бір жанры болып табылады. Портрет -(французша бейнелеу) Белгілі бір адамның көркем бейнесі деген ұғымды білдіреді. Портрет салтанатты, камералық және тек адамның басын қана бейнелейтін және автопортреттер болып бөлінеді. Көбіне суретшілер адамды алдынан бейнелейді, мұндай бейнелеу анфас деп аталады.

Портретте ұқсастығын қана беріп қоймай, суретші бейнеленген адамның сырын, оның ішкі дүниесін ашу керек.
Адам тұлғасын бейнелеу үшін оның скелетімен танысқан жөн. Адам скелеті негізінен 3 бөлікке бөлінеді олар бас сүйегі, кеуде бөлігі және қол - аяқ сүйектері. Адам скелетінің негізгі тірегі - омыртқа діңгегі 3 бөлікке бөлінеді. Мойын, кеуде бел омыртқалар.

Адам тұлғасын салға оның пропорциясын белгілейтін өлшем бірліктері адам басымен өлшенеді. Мөлшермен 8 бөлікке бөлінеді. Адам бойына байланысты 7 немесе 7, 5 бөлікке бөлінеді. Бас пен кеуде қосындысы адам бойының жартысы болып табылады.
Суреттің қағазға орналасуын, композициялық құрылымын долбар сызықтармен шешкеннен кейін кейіпкердің құрылысын тұрғызуға көшеміз

Сурет салу кезінде үлкен бөлшектерге пропорциялық қатынастарды анықтай отырып, адам денесінің мүшелерін біржолата анықтауға көшеміз. Адам суретінің жарық пен көлеңкесін айқындаймыз. Адам тұлғасын мұқият қарар болсақ бастан табанға дейінгі аралықта жарық біртіндеп қоюланып көлеңкеге ұласады. Бейнеленетін заттардың көлемінің күрделігіне қарай 3 - 4 немесе одан да көп кезеңдерден тұратынын білеміз. Бүгінгі біздің адам тұлғасын бейнелеу үшін бір оқушыны ортаға шақырамыз.
Адам тұлғасын бейнелеу жүктеу


Скачать


zharar.kz