Отбасы - өмір аясы
Мақсаты: Отбасы ұғымының қыр – сырына терең бойлай отырып ата аналар мен балалар арасындағы сенімді нығайту. Оқушылардың ойлау қабілеттері мен сөз сөйлеу шеберліктерін дамыту. Отбасындағы үлгі тұтар ата – ана тәрбиесі әдептілік, ізеттілік, сыйластық пен татулыққа, кішіпейілділікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Тірек сызбалар, нақыл сөздер.
Барысы:
- Сәлеметсіздер ме, балалар, ата - аналар, ұстаздар! Бүгінгі іс – шарамыздың аты Отбасы – өмір өзегі деп аталады. Балалар іс – шарамызды бастар алдында сендердің көңіл күйлеріңді білгім келіп тұр. Ендеше назарларыңды тақтаға аударыңдар. Балалар сендер ненің суретін көріп отырсыңдар?
- Суретте 3 көңіл күй бейнеленген күннің суретін көріп тұрмыз.
Алдарыңа таратылған қағаздарға қазіргі көңіл күйлеріңді салыңдар.
- Өте жақсы, осы көңіл күймен іс - шарамызды бастаймыз.
Баланың бас ұстазы – ата - ана. Ұлтымызда Ұяда не көрсе ұшқанда соны ілерсің деген сөз бар. Ата – ана – отбасының негізгі тірегі, бастапқы дәнекері.
Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.
Балалар, сендер ана деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
Көкке өрмелеп көңілің
Нұрға толсын өмірің
Бақытты бол, жан әке,
Ұзақ болсын ғұмырың
Жақсы ата – ана отбасына береке әкеліп, отбасын бақытқа бөлейді. Осындай жақсы отбасынан шыққан балалардың бойында қандай қасиеттер болу керек? Ата - аналар өз ойларын ортаға салады.
Баланың жаның ұға білетін,
Баланың жан сарайына бойлай алатын,
Сезімтал да сұңғыла жан – ата – ана!
Ендеше отбасы жайлы тақпақтарымызды айтайық.
1 - оқушы:
Аналарды құрметтейміз, елейміз,
Аспандағы ай мен күнге теңейміз.
О, аналар, сіздерді үлгі тұтып,
Бақыт пенен денсаулықты тілейміз.
2 - оқушы:
Ата – анам – бақытымсың, барымсың,
Тірегімсің, сүйенішім, бағымсың,
Жалғасындай ата - ананың балалар
Жақсы атымен бар әлемге таңылсын.
3 - оқушы:
Бақытты отбасы келешек кепілі,
Тәрбие – бұл жұмбақ шешімі.
Үйрету, үлгі ету, өнеге көрсету -
Әрқашан үлкеннің міндеті.
4 - оқушы:
Арманым елдің аңсаған.
Әкелсем бақыт мен саған.
Ұрпағың болып жалғадым,
Қуаншы, әке, сен маған.
5 - оқушы:
Жүрегі қазағымның бүлкілдеген,
Өнерлі екендігін кім білмеген?
Қарасаң қара шанақ домбырасы
Халықтың кеудесіндей күмбірлеген.
Ситуациялық сұрақтар:
Оқушыларға:
Отбасында кездесетін баланың жағымсыз қылығы. Арман есімді оқушының анасына жолдаған хатын оқып берейін. Қане, мұқият тыңдап отырыңдар.
Хат.
Анасының тапсырған үй жұмысын орындағысы келмеген Арман бір күні анасына хат жолдапты.
Апа, маған үй жұмысын істеткеніңіз үшін төмендегідей қарыздарыңыз бар. Нанға барам: 100 теңге, бөлмені жинастырам 50 теңге, қоқыс төктім: 40 теңге, кір киімдерді кір жуғыш машинаға салдым: 50 теңге, компьютерде ойнамадым 100 теңге. Барлығы 340 теңге қарызыңыз бар. Уақытында төлемесеңіз үстеме қосып қоятынымды айтып қояйын
- Қане оқушылар, Арманның бұл жазған хаты дұрыс па?
Арманның бұл хатына қандай жауап қайтарар едіңдер?
Балалардың пікірі.
Ата – аналарға:
1. Ура, мама, мен бес алдым! - деп бірінші сыныптың оқушысы өзінің қуанышын жасыра алмай үйге жүгіре басып кірді. Бірақ жылдар өте келе мұндай қуанышты сөздер сирей бастады. Неліктен?
2. Қызы мектептен келіп анасына: Сізге маңызды бір нәрсе айтқым келеді - десе, анасы: Сенсіз де басым аурып тұр, мазамды алма - депті. Сіз қалай жауап берер едіңіз?
Халқымыз Сөздің көркі мақал деп бекер айтпаған.
Енді кезекті мақал мәтелдерге берейік.
Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер.
Әке - асқар тау.
Ананың көңілі балада.
Баланың көңілі далада.
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
Ана сүтін ақтамағанды,
Ешкім мақтамайды.
Менің отбасым
Әрбір ата - анаға өз отбасын гүлдің бейнесінде салу ұсынылады және суреттерді сөйлету керек
Шаттық шеңбері Мейірімді жүрек
Балалар барлығымыз Шаттық шеңберіне тұрайық. Бір бірімізге жақсы тілектер айтамыз.
Мейірімді бол, аспанымыз ашық болсын, жүзіңнен күлкі кетпесін, инабатты бол, тәртіпті бол.
Өнегелі отбасында қандай қасиеттер болу керек?
Достық, Бақыт, Қуаныш, денсаулық қажымас қайрат т. б
Осымен бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Назар қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!
Павлодар облысы,
Баянауыл ауданы, Үшқұлын мектебі
Шокина Зару Рахымжановна