Балалардың құрастыруға деген ынталарын арттырып жол белгілері ережелерін есте сақтауға үйрету

Скачать

Білім беру саласы Таным
Сабақ: Құрастыру
Тақырыбы: Бағдаршам.
Мақсаты: Балалардың құрастыруға деген ынталарын арттырып жол белгілері ережелерін есте сақтауға үйрету. Әр түрлі материалдарды пайдаланып бұйымдар жасауға үйрету. Соның ішінде бос сіріңке киндер қорапшалары арқылы бағдаршам жасауға балалардың шығармашылық ойларын дамытып, оны іс жүзіне асыруға үйрету. Жұмыс барысында бір - біріне кедергі жасамауға, бастаған істерін тиянақты аяқтауға үйрету.

Іс - әрекет кезеңі
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Мотивациялық - қозғаушылық
Жылулық шеңбері.
Балалардың іс әрекеті
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды қаламыз!
Жайнай түсті даламыз!
Қайырлы таң қонақтар!
Қайырлы таң достарым!
Ұйымдастыру - іздестіру
Есік қағылып пошташы ағай хат әкеледі.
- Балалар бізге жыл атасы пошта арқылы хат жіберіпті.
Балалар хаттың ішінен шыққан суретке қызығушылық танытты
- Хатта не бар екен, ішін ашып қарайық?!
- Жыл атасы әр суреттің астына сұрақтар, тапсырмалар жазыпты. Соны орындаймыз ба?
- Олай болса мына суреттің пішіні, түсі қандай?
- Қызыл, дөңгелек
- Жыл атасы қызыл дөңгелекке жұмбақ жасырыпты.
I - тапсырма:
Бұлтты айдай желдеткен,
Нөсерлеткен селдеткен.
Шалшық кешіп ойнайтын
Бұл қай мезгіл деп ойлайсың?
Көктем
ІІ - тапсырма:
Мына суреттің түсі, пішіні қандай?
Сары, дөңгелек
Көктем мезгілінің айларын ата?
Наурыз, сәуір, мамыр
Қазір қай қай айы?
Сәуір айы

ІІІ - тапсырма:
Дөңгелектің түсі қандай?
Жасыл, дөңгелек
Көктем мезгіліне байланысты тақпақ білесіңдер ме?
Көктем мезгіліне тақпақ айтқызу.
Тапсырмасын орындаған, пішіндерін тақтаға құрастыру арқылы бағдаршам бейнесі шығады.
Тосын сәт
Топқа басын ұстаған аю кіреді.
(Балалар топқа келген аюға таңдана қарайды).
- Басым - ай, басым.
- Аюжан саған не болды, басыңа не болған?
- Көшеде бал тиеген машинаны көріп, соған жармасып едім, құлап, басымды ауыртып алдым.
- Аюжан олай көшедегі машинаға жармасуға болмайды. Жол ережесін бұзбау керек, көшеде бағдаршам бар емес пе?
Аю:
- Мен жол ереже дегенді білмеймін, бағдаршам деген не?
- Олай болса жол ережесі, бағдаршам дегенді бізден, біздің балаларымыздан үйрен. Қазір мен саған жол ережесін түсіндірейін.
Тақтағы сурет арқылы әңгімелеу.
- Бағдаршам жол ережесін реттеуші, жол қиылысынан өтуге көмектеседі. Жаяу жүргіншілерді жол апатынан сақтайды. Біз жол ережесін сақтай білуіміз керек. Бағдаршам бар жерде адамдар өтетін ақ жолақтар болады. Балалар жолдан өткенде ата - аналарының немесе үлкендердің көмегімен өтуі тиіс. Көлік жүретін үлкен жолдың қапталында арнайы адамдар жүретін тратуарлар болады.
Жол ережесіндегі суреттен дұрыс, дұрыс емес әрекеттерді көрсетіп, сұрақтар қою.
- Балалар мына суретке мұқият қарайықшы, не байқадыңдар?
- Бәрекелді, дұрыс айтасыңдар. Бізге келген аюдың да машинаға жармасуы дұрыс әрекет емес, ол жол ережесін бұзып тұр.
- Балалар бүгін біз аюға жол ережесі, бағдаршам туралы өз білгендерімізді айтайық. Ол өз қателігін түсініп жол ережелерін үйренсін.
- Сендер бағдаршамды көшеде көрдіңдер ме?
- Бағдаршам қай жерде тұрады.
- Бағдаршамның неше көзі бар?
- Көздерінің түсі - пішіні қандай?
- Жол ережесіне байланысты тақпақтар кім айтады.
- Балалар қандай көлік түрлерін білесіңдер.
Осы көліктердің ішінде қайсысы бағдаршамның көмегімен жүреді?
Көлік ішіндегі тәртіп ережелерді білесіңдер ме?
Көлік ішінде не істеуге болмайды?


Скачать


zharar.kz