Жағымсыз сөзіне қарама - қайшы сөз

Скачать

Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы,
№100 орта мектебінің психологы
Нұрхожаева Альфира Қанатбайқызы

Тақырыбы: Мен және менің достарым
Мақсаты: Оқушылардың өзін - өзі тани білудің негізгі шарттарымен таныстыру, өзін бағалата отырып, өз бойындағы сапалық қасиеттерді анықтау, дамытуға бағыт беру.
Көрнекілігі: геометриялық фигуралар, сызба - карточкалар

Кіріспе
Құрметті оқушылар бүгінгі сабағымызда біз өз бойымыздағы жақсы қасиеттерді бағалай отырып, өзін - өзі тәрбиелеу жолдарын анықтаймыз.
Данышпан философ Фалес айтқандай
Дүниедегі ең үлкен нәрсе - кеңістік
Бәрінен жүйрік - ой
Бәрінен дана - уақыт
Бәрінен жеңілі - басқаға ақыл айту
Бәрінен қиыны - өзіңді өзің тану.

Іскерлік ойыннан бір - бірімізге комплимент айтудан бастаймыз.
1 - оқушы: Арман, сен бүгін ерекше көріктісің
2 - оқушы: Әнел, көркіңе ақылың сай.
(т. б сол сияқты бір - біріне жылы сөздер айту соңғы оқушыға дейін жалғасады).
- Рахмет, балалар! Әрбір жүректен шыққан жақсы сөз біз үшін жайлы атмосфера қалыптастырды.

1 - тапсырма:
Қазір сендер әрбір столда тұрған геометриялық фигураға назар аударып әркім өзіне ұнаған фигураға барып отырады.
Міне, біз 5 топқа топталдық
Әрбір топ мүшелері өздері таңдаған фигураның нені білдіретінін, неге осы фигураны қалағандарыңды айтасыңдар.
(оқушылардың болжамдарынан кейін, мұғалім осы тесттің мақсатын түсіндіреді)
И. Панарин тесті бойынша.
Тіктөртбұрыш - таңдағандар лидерлік қабілеті бар, алдына қойған мақсатына жететін, басқарушылық қаблеті басым жандар.
Үшбұрыш - өте еңбекқор, төзімді, өз жұмысының шебері, бастаған істі аяғына дейін жеткізетін жандар.
Төртбұрыш - жаңа идеяларға жақын, білуге құмар, ізденгіш жандар.
Дөңгелек - осы 5 фигураның ішіндегі өте мейірімді, басқаның қайғысын қуанышын да бөлуге даяр тұратын жандар.
Зиг - зак - шығармашылық қабілеті басым, үнемі ізденіс үстінде жүретін жандар.
Міне, балалар, әркім өзін Панарин тесті бойынша да тануға болатынына көзіміз жетті.

2 - тапсырма:
1 - топқа: Ситуациялық тапсырма (топтағы2 - оқушыны шақырып сыртқа шығуын өтінеміз)
Сіз сыныптағы қыздың өз үйінің алдында бірнеше ер баламен темекі шегіп тұрғанын көрген, сыртта тұрған 2 оқушының қасынан өткенде қандай іс - әрекет жасаймыз деп ойлайсыздар.
Ал қазір сыртта тұрған 2 оқушыны шақырып осы ситуацияны оқиық, 2 оқушыға осы жағдайда не істейсіз деп сұрақ қойылып, олардың жауабы тыңдалады. Нәтижесінде осы 2 оқушының өз жауаптары туралы достарының жауаптарымен салыстырылып өзгені тани алу қабілеттіліктері айқындалады.
2 - топқа: Бір сыныптас ұлға немесе қызға қысқаша, оның жағымды және жағымсыз қасиеттерін көрсетіп атын атамай мінездеме жаз. Басқа топ оның кім екенін табуы шарт.
3 - топқа: Өмірдегі ең қажетті 3 нәрсені атаңыздар.
4 - топқа: аяқталмаған тест ұсынылады
Егер мен осы алдымызда тұрған мұғалім болсам....
5 - топқа: шығармашылық тапсырма: Міне мен қандаймын? тақырыпқа сәйкес өз қабілетін ортаға көрсету.
- Рахмет балалар, әрбір топ белсенділік көрсетті.

3 - тапсырма:
Блиц сұрақтары:
1. Мағынасы жағынан биография сөзімен бірдей сөзді ата?(өмірбаян)
2. Жағымсыз сөзіне қарама - қайшы сөз?(жағымды)
3. Кітаптың баяндаманың мазмұнын білдіретін қысқа жазба? (конспект)
4. Ұқсас деген ұғымға қарама - қарсы сөз ол? (әр түрлі)
5. Оппозиция - ол (қарсы әрекет)
6. Цивилизация - бұл? (мәдениет)
7. Экспорт бұл? (шетке шығару)
8. Ампер - вольт (электрлік өшем бірлік)
9. Майлар - белоктар (органикалық заттар)
10. Азия - Африка (жер шары бөліктері)

4 - тапсырма:
Суреттерді аяқтайық жаттығуы
Мақсаты: оқушылардың логикалық ойлауын, көру арқылы есте сақтауын, ойша жұмыс істей білуін дамыту.
Алдын - ала тақтада мысықтың және қоянның құлақтары салынған плакат ілініп дайындалады. Оқушылардың көздері шарфпен байланады да, олар кезек - кезек шығып, бірі денесін, бірі басын салса, бірі аяғын салады, осылайша жалғаса береді.
1. Суретті аяқтау қиын болды ма?
2. Жаттығу ұнады ма?
3. Бұл жаттығудың тиімділігі бар ма?
Қорытынды: Жүректен жүрекке, балалар жылы лебіздерін білдіреді.


Скачать


zharar.kz