Гүл салынған ваза

Скачать

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Жапсыру.
Сабақтың тақырыбы: Гүл салынған ваза
Мақсаты: қағазды бірнеше бүктеу арқылы қию әдісіне жаттықтыру, затқа қарап жапсыру дағдыларын қалыптастыру; қол бұлшық еттерін дамыту, математикалық ұғымдарын бекіту, сұлулықты сезіне білуге, әсемдікке тәрбиелеу.
Қажетті құрал - жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, қайшы, желім, құмырадағы гүл, әже (қуыршақ).
Сөздік жұмыс: күлте.
Билингвальды компонент: гүл – цветок, құмыра – ваза.

Мотивациялық қозғаушылық
Тілек шоғы жылулық шеңбері.
Педагог әр баланың қолына бір - бір гүлден таратады. Педагог өз қолындағы гүлді тілек айтып, жанындағы балаға ұсынады. Гүлдер көбейіп, тілек шоғы болып, педагогтің өзіне оралады.
Кімде - кім жақсы тілек айтса, жақсы тілек айтса, сол үлкен жақсылыққа айналып өзіңе қайтады.

Ұйымдастыру – іздестіру
Педагог балалардың гүл туралы түсініктерін суреттер көрсету арқылы кеңейте түседі.
Тосын сәт:
Кенет есік қағылады.
Педагог:
– Балалар, біреу есік қағып тұр, кім келді екен?
Қолында гүлі бар әже кіреді.
Әжей:
– Бүгін менің немерем Әселдің туған күні,- дейді.
Педагог әжей әкелген гүлшоқты құмыраға салып қояды.
– Енді сіз біздің балалардың өнерін көріңіз.
– Балалар, Әселге арнап осындай құмырадағы гүлді жапсырып дайындық.
Билингвальды компонент: гүл – цветок, құмыра – ваза.
26 - бет, 10 - шы үлгіге қарау.
Құмырадағы гүл туралы әңгімелеу. Алдымен педагог балаларға қағаздан гүл бөлшектерін қиюды, содан соң гүлдерді жапсыру техникасын көрсетіп, түсіндіреді.
– Бірінші үш гүл күлтесін қиып аламыз, содан кейін қалған бөліктерін қиямыз.

Сергіту сәті.
Шаршағанда ырғалып,
Гүлге ұқсап дем алам.
Қанатымды бір қағып,
Гүлдей болып жайқалам.
Иілеміз оңға бір,
Иілеміз солға бір.
Тәрбиеші қарайды,
Аяққа бір, қолға бір.
– Міне, балалар, гүліміздің бөліктерін қиып алдық, енді оларды жапсыруға кірісейік.
Балалармен жеке жұмыс жүргізіледі. Балалардың жапсырған гүлдерін, күлтелерін, сабағын, жапырағын санату.
– Құмырада неше гүл бар?
– Күлтелерін санап көрейік?
– Сабағын санайық?
– Жапырағы нешеу екен?
Гүл салынған ваза. жүктеу


Скачать


zharar.kz