Қаңқаның бөліктері

Скачать

2 сынып
Ғылымға кіріспе
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2 - бөлім: Тірі табиғат. Адам
Сабақтың тақырыбы: Қаңқа құпиялары
Оқу мақсаты: 2. 3 Адам.
Сабақтың мақсаттары: 2. 2. 3. 1 адамның тірек - қимыл жүйесінің қызметін анықтау
Бағалау критерийлері: Білім алушылар:
- қаңқаның құрылымын анықтайды;
- адамның тірек - қимыл жүйесінің қызметін анықтайды.
Тілдік мақсат: Оқушылар қаңқа , дене қалпы , денеңді еңкейткенде , ентігесің сөздерді қатыстыра отырып, сөйлемдер құрайды.
Құндылықтарды дарыту Сымбатты болып өсуінің маңыздылығы жайлы айта келе салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Алдыңғы білімдер: Оқушылар дененің кейбір бөліктерін және қызметін атап, көрсете біледі (бас, кеуде, қол, аяқ, табан, т. б.) және адамның өсуі мен дамуы үшін керек қажеттіліктерін анықтай алады.
Сабақтың басы
(Ұ) Күн!
Мке сенен жылу аламын,
Жүрегіме саламын,
Достарыма сыйлаймын
Сәттілік тілеймін!
Балалар, қане тақтаға назар аударайық! Тақтада ілінген киіз үй мен кітапта берілген суретке қарайық. Киіз үйге қаңқа не үшін керек? (Үйдің пішінін құрайды, оған тірек болады) Адам денесіндегі осындай қызметті не атқарады?( Қаңқа адам денесін ұстап тұрады әрі ішкі мүшелерді құрайды) Қаңқаны көргендерін бар ма? Қайдан көрдіңдер? Кинодан, теледидардан, кітаптан, мұражайдан. Сол арқылы жаңа тақырыпқа шығу. Тақтада адам қаңқасымен таныстыру

Сабақтың ортасы
Қаңқа туралы мәтінді іштей оқу, дауыстап оқыту.
Видео көрсету.
Балаларға мозайка құрастыруға беріледі. Әр топ өздерінің шыққан суреті бойынша дене бөліктерін атайды.
- Адам денесінің қандай негізгі бөліктері бар (Бас, кеуде, аяқ - қолдар.)
- Қолдың бөліктерін атаңдар (Білек, шынтақ, иық.)
- Адамның қолдары қандай қызмет атқарады?
- Аяқтың бөліктерін білесіңдер ме? (Жамбас, тізе, балтыр, табан.)
Оқушыларға саусақтарын, басын, шынтақтарын ұстап көруге ұсыныс жасау
- Нені байқадыңдар? (Ішінде қатты негіз бар.)
(МК) Оқушыларға бас сүйек бөлігіне мұқият қарауға ұсыныс жасау.
- Адамның бас сүйегі нені еске түсіреді?
- Неліктен адамның бас сүйегі қатты болады?
- Ол нені қорғайды?
Бас сүйек миды қорғайтынын, ал омыртқа, кеуде және қабырғалар бәрі бірігіп, кеуде қуысын құрайтынын түсіндіру.
Сүйектер бірігіп, кеуде қуысын құрайды, ол кеудені қорғап тұрады. Омыртқалардың өзара бітісіп байланысуы біздің кеудемізді қозғалтуымызға, еңкеюімізге көмектесетінін түсіндіру. Аяқ - қол сүйектерінің қалай біріккеніне назар аударту. Оқушыларға қолдарымен шынтақ, иық буындарын қозғалтып көруге, аяқтарымен тізе буындарын қозғалтуға және кеудені бірнеше рет айналдырып, иіліп көруге ұсыныс жасау.
(Ұ) Адамның дене қалпын түзу ұстауы (дене бітімі). Суреттерді салыстыруға ұсыну.
- Қай суреттегі бала сендерге көбірек ұнайды?
- Неліктен?
- Партада дұрыс отыру ережесін көрсету
Видео көрсету
Ойлан
Қаңқа сүйектері өсе ме?
Сен білесің бе?
(Ө) Жұмыс дәптеріндегі жұмыс.
Қаңқаның бөліктері. Оқушылар суреттегі қаңқа бөліктерінің аттарын дәптерлеріне көшіріп жазады.
(Бас сүйегі, омыртқа, қабырғалар, жауырындар, бұғана сүйектері, жамбас, аяқ - қол сүйектері)
Қаңқаның қызметі. Қалып кеткен сөздерді мәтін шығатындай етіп бос орындарға қою.
(Адамның басының қалпын бас сүйегі береді. Қабырғалар, кеуде және омыртқа кеуде қуысын құрайды. Аяқтар мен қолдардың сүйектері олардың қалпын құрайды. Оларды аяқ және қол сүйектері деп атайды).

Сергіту сәті орындалады.
Дене бітімі. Оқушылар дене бітімінің дұрыс қалпын көрсететін суреттерді ғана бояйды.
(2, 5, 6.)
Жұппен жұмыс жасап денені дұрыс ұстау қалпын зерттеу

№25 жалпы орта білім беру мектебі
Мұғалімнің аты - жөні: Есимова Д. Б.

Қаңқа құпиялары. жүктеу


Скачать


zharar.kz