Балалардың зейінін тұрақтандыру, қабылдауын және танымдық қабілетін жоғарылату

Скачать

Мектеп жасына дейінгі балаларға қарапайым математика ұғымдарын қалыптастыру

Есептеуді санамақтап айтуды,
Үйрететін жаңа пәнің бар мұнда
Шабыт берер ойың менен санаңа
Талант көзін ашар барлық балаға.
Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,
Математикаға орын берсең басыңнан
Барлық ғылым соған үйір болады
Досың солар - табылатын қасыңнан.

Балалардың зейінін тұрақтандыру, қабылдауын және танымдық қабілетін жоғарылату. Оқу іс - әрекетіне, ойын әрекетіне белсенді қатысу шығармашылық ізденіске талпындыру жаңа әдіс - тәсілдерді қолдану. Сабақты қызықты өткізу үшін қосымша материалдар пайдаланамын, сол себеппен мен өзімнің тәрбиелеп жүрген балаларыма оқу тәрбие үрдісінде болып жатқан жаңалықтарды пайдаланғым келеді. Мектеп жасына дейінгі балалар кішігірім математикалық терминдер, геометриялық пішіндердің атауларын (дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш, сопақша) және олардың элементтері

(қыры, бұрышы) болатынын, қосу, алу тең ұғымдарын үйренеді. Сонымен қатар балалардың математикалық білімге деген қызығушылығы артады, берілген есепті шешуге өз күш (ерік), жігерін жұмсайды. Бала бір заттың құрылысына, қасиетіне (пішініне, түсі т. б.) қарай талдау, сараптау, салыстыруға, кеңістікті бағдарлап, салыстырмалы түрде ойлай алады. Әр шаңырақтың үміті болып өсіп келе жатырған алдымдағы әрбір шәкіртімнің бабын таба білу, жүрегіне ел, ұлт деген ұғымды ұялатып, жан шырағын жаға білу. 4 - 5 жас аралығындағы балалар болғандықтан оң - сол, жоғары - төмен, алыс - жақын деген негізгі ұғымдарды меңгергенімен алыс - жақын, биік - аласа, көп - аз, үлкен - кіші ұғымдарын шатыстырып, 0 - ден 5 - ке дейінгі сандарды тура санағанымен кері санау және сандарды таңбасына қарай ажырату қиын болды. Өзіме ыңғайлы болу үшін, 1 - ші қатарға З деңгейді бірдей уақытта орындайтын баларды отырғызамын, 2 - ші қатарға 2 деңгейлі бірдей уақытта орындайтын балаларды, 3 - ші қатарға 1 деңгейді ғана орындайтын балаларды отырғызамын. Бұл балалардың тапсырмаларды қызыға, ынталана орындап, кез - келген қиыншылыққа төзуге, жеңуге болады деп ойлаймын.

Қарағанды қаласы,
КМҚК Қарлығаш балабақшасының тәрбиешісі
Адилова Нуржанат Сагатбековна

Толық нұсқасын жүктеу


Скачать


zharar.kz