Шық етерде Ойын шарты

Скачать

"Үздік ұстаз" бәйгесіне
Тақырыбы: Ханталапай
Кіріктірілген білім беру салалары: Денсаулық , Таным
Бөлімдері: дене шынықтыру, математика
Мақсаты: Асық ойынын жаңғырту, асық ойыны арқылы тез есептеуге дағдыландыру. Математикаға қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекіліктері: асықтар, қоржын, слайд
Билингвальды компонент: асық – альчик

Мотивациялық - қозғаушылық Ғажайып сәт
Тазша баланың кіруі
- Ассалаумағалейкум, балалар
- Балалар, мен сендерге бүгін қызықты ойын әкелдім. Ойнағыларың келе ме?
Менің қоржынымда не бар екенің білесіңдер ме? Қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын. Шешімі қоржындағы жұмбақ зат.

Ұйымдастырушылық - ізденістік Жұмбақ.
Ренжісе бүк түседі
Қуанса шік түседі
Басқаратын барлығын
Алтын сақа деседі. - Бұл не?
- Ия, балалар бүгін біз асықпен ойнаймыз.
Асық ойыны қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойыны. Ұсақ малдың (қой, ешкі) асықты жілігінен алынған жұмыр сүйек. Иіргенде түскен қалпына қарай асық - алшы, тәйке, бүк, шік деп, ал атуға арналған арнайы қорғасын құйылып жасалғаны - сақа аталады. Ойнай бiлген адамға асықтың пайдасы орасан зор. Асық ойыны адамды мергендiкке, ептiлiкке баулиды. Бұған қоса аяқ - қолдың қимылын жақсартып, денсаулыққа көп пайдасын тигiзедi.
Асық ойындары көп, біздер балалар ханталапай мен шық етерде ойының ойнаймыз.
Шеңбер болып ортаға отырамыз, мен ортаға асықтар шашамын.
- Ханталапай ау, ханталапай, ортаға келіндер балақай.
1-тапсырма
Ал балалар енді кімде неше асық бар екенің білейін.
Екі, үш, бес саны жазылған белгіні көрсету. Балалар, кімде қанша асық бар? Ортаға асық санына қарай алға шығып тұрындар.

2-тапсырма
Дидактикалық ойын Жұбыңды тап
Ойының шарты: Сан құрамына қарай жұптасу.

3-тапсырма
Шық етерде
Ойын шарты. Түзеу сызыққа қатар тігілген асықтарды алыстан кезектесіп ату. Асық санына қарай реттілікпен тұру.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Кері санау.

Рефлексиялық - түзетушілік Балалар бүгін біз қандай ойын ойнадық?
Асық түсуіне қарай қалай аталады?
Балалар қолдарындағы асықтардың түсіне қарай геометриялық пішін құрыңдар
көк – шаршы
қызыл – үшбұрыш
сары - дөңгелек
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Тура және кері санайды, затты санға сәйкесін табады.
Игерді: Сан құрамын
Меңгерді: Ханталапай , Шық етерде ұлттық асық ойындарын ойнауды.

Атырау облысы,
Жылыой ауданы, Құлсары қаласы
КМҚК "Гүлдәурен" ясли бақшасының тәрбиешісі
Оразова Лаззат Кабыловна

Толық нұсқасын жүктеу


Скачать


zharar.kz