Жүрме босқа ойнап

Скачать

Санамақ
Бірге жаттайық!
1 дегенім – бөрік.
Кисең басқа көрік.

2 дегенім – етік.
Киер сәнді етіп.

3 дегенім – ішік.
Теріден тігер пішіп.

4 дегенім – тымақ.
Қыста кисең жылы - ақ

5 дегенім – байпақ.
Іші жылы тайпақ.

6 дегенім – алқа.
Мойныңа тақ қалқа.

7 дегенім – жейде.
Кір болмасын кейде.

8 дегенім – сеңсең.
Жылысы тонның сенсен.

9 дегенім – телпек.
Болма бала тентек

10 дегенім – оймақ.
Жүрме босқа ойнап!

Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы,
Құмсай ауылы, Құмсай бастауыш мектебінің
бастауыш класс мұғалімі
Аймухамбетова Ләззат Сәндібекқызы


Скачать


zharar.kz