Ұйымдастыру кезең

Скачать

Қазақ тілі 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Дара және күрделі сан есім
Сабақтың мақсаты: сұрақ - жауап әдісі арқылы оқушылардың сан есім туралы білімдерін еске түсіру. Сөйлемнен сан есімді таба білуге, оларды бір - бірінен ажырата отырып, сан есімге байланысты жаттығуларды дұрыс орындауға дағдыландыру. Оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру, өз бетінше жұмыс істей білуге баулу, тіл байлығын, ой - өрісін, іскерлік дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру. Оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа, іздемпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, көрнекілік, талдау, жинақтау, өз бетінше жұмыс, салыстыру, ажырату.

Сабақтың барысы:
І. Бағдарлау - мотивациялық кезең.
1. Ұйымдастыру кезең. Оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру.
2. Психологиялық жаттығу.
Әрбір адам - туысым, досым, жұрағатым,
Әрбір сабақ - үйрену, ұғу, ұлағат.
Әрбір сөзің - шындық, бірлік, адамдық,
Әрбір ісің - тілек, тірлік, адалдық.
3. Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге қандай тапсырма берілді.

4. Қайталау сұрақтарын қою.
Сандар сыры ойынында ұяшықтардың артындағы сұрақтарға жауап алу.
5 10 15
20 25 30
35 40 45

5. Сан есім деген не?
10. Сан есімге қандай сұрақтар қойылады?
15. Есептік сан есім дегеніміз не?
20. Есептік сан есімдерді реттік сан есімдерге айналдырып жаз:
Екі пәтер...
Бес қабат...
Алты топ...
30. Реттік сан есімдердің түбірі мен жұрнағын ажырат: жетінші, бірінші, тоғызыншы.
35. Жұмбақты шеш, сан есімдерді тап.
Тоғыз белбеу, қос жібек,
Екі мұрын, бір шүмек. ( домбыра)
40. Мына сан есімдер қанша сөзден құралған?
Он, үш, жүз, сегізінші, жетеу.
45. мына сан есімдер қанша сөзден құралған?
Екі жүз, үш мың тоғыз жүз елу алты, қырық жеті, жүз он үш.

ІІ. Операциялық - орындаушылық кезең
1. Өткен материалды бекіту.
2. Миға шабуыл.


Скачать


zharar.kz