Ауа райы

Скачать

Күнделікті сабақ жоспары, география 6 сынып
Тақырыптар:
22 - сабақ. Ауа райы. Жердің Күнді айнала қозғалысының Жер бетіне жарық пен жылу таралуына әсері. Жылу белдеулері.
23 - сабақ. Климат. Өздерің тұрған жердің климаты.
24 - сабақ. №3 сарамандық жұмыс. Қайталау сабағы
25 - сабақ. Гидросфера туралы ұғым. Дүниежүзілік су айналымы. Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері.
26 - сабақ. Мұхит суының температурасы мен тұздылығы. Мұхит суының қозғалысы.

Сабақ №33, 34
Күні:
Сынып: 6
Тақырыбы: Ауа райы. Жердің Күнді айнала қозғалысының Жер бетіне жарық пен жылу таралуына әсері. Жылу белдеулері.
Мақсаты:
Білімділік: Ауа райы туралы түсінік бере отырып, оның өзгеру себептерін ашып, болжау түрлеріне тоқталу. Жердің күнді айнала қозғалысы параграфы материалдарын пайдалана отырып жарық пен жылудың таралу заңдылықтарына тоқталу. Күн тоқырау, күн мен түннің теңелуі, поляр күні мен поляр түні, жылулық белдеулер туралы түсініктер қалыптастыру.
Дамытушылық: Кескін картаға поляр шеңберлері, тропик шеңберлерін түсіру арқылы оқушылардың жұмыс істеу біліктілігін арттыру.
Тәрбиелік: Атмосфераның құбылыстарымен танысу арқылы, оны қорғау мәселелерін қарастыру. Кескін картада тропик және поляр шеңберлерін түсіру арқылы икемділіктері мен іскерліктерін арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақты ұйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс - тәсілдері: репродуктивті, проблемалық
Құрал - жабдықтар: Жарты шарлар картасы, атлас
Негізгі ұғымдар: Ауа райы, күн тоқырау, күн мен түннің теңелуі, поляр күні мен поляр түні, жылулық белдеулер

Сабақтың кезеңдері:
1. Ұйымдастыру кезеңі 5. Сабақты қорытындылау кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі 6. Бағалау кезеңі
3. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі 7. Үйге тапсырма беру кезеңі
4. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі

Сабақтың барысы
1. Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.
2. Дәптерлерінен салған суреттерін, анықтамаларын тексереді. Кейін өткен тақырыптар бойынша бірнеше сұрақтар қояды:
1) Жауын-шашынның қандай түрлері бар?
2) Жауын-шашынның ең көп түсетін жері?
3) Жел деген не? Қандай жергілікті желдердің түрлерін білесіңдер?
4) Ауа массалары деген не? Оның қандай типтері бар?

3. Ең алдымен кіріспе сұрақтар қояды: 1) Жер беті неліктен әркелкі қызады? 2) Ауа температурасы мен қысымның арасында қандай байланыс бар? 3) Желдің пайда болу себептері неде?
Кейін бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтап, келесі жоспар бойынша жаңа тақырыпты меңгере бастайды:
1. Ауа райы. Ауа райының элементтері мен құбылыстары.
2. Ауа массалары.
3. Ауа райын болжау.
4. Жерге келетін жарық пен жылу мөлшерінің Күннің көкжиектен биіктігіне және түсу уақытының ұзақтығына байланыстылығы. Жазғы күн тоқырау. Күзгі күн теңелуі. Қысқы күн тоқырауы. Көктемгі күн теңелуі.
5. Жылу белдеулері.

- Оқулықты, карта, суретті пайдалана отырып, тақырыпты меңгеру.
- Оқулықтағы суреттерге қарап температураны өлшейтін аспаптардың құрылысын сипаттайды.

4 Тақырыптарды бекіту тапсырмалары мен сұрақтары:
1. Ауа массалары деген не?
2. Ауа массаларының қандай түрлері бар?
3. Қандай жылу белдеулері бар?
4. Полярлық шеңбер деген не?

5 Сабақтың жетістіктері мен кемшіліктерін анықтап, жалпы сабақты қорытындылайды.

6 Оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай бағалайды.
7 Үй тапсырмасына §§, 33, 34, 35. Мәтін соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.



Толық нұсқасын қарау


Скачать


zharar.kz