Тақырыбы: Үш бақытым. Туған тілім
Мақсаты: 1. Оқушыларға өлеңдердің негізгі ойын ұғындыру, түсініп дұрыс
оқуға машықтану, жатқа оқуға дағдыландыру
Міндетті: Әр оқушының сөйлеу тілін, ой қиялын дамыту, өз пікірін дәлелдеуге баулу.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды тіл, сөз өнерін құрметтей, қастерлей білуге тәрбиелеу.
Түрі: Жаңа білім беру.
Әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндірме
Көрнекілігі: Ақындар суреті, оқулықтары,
Сабақтың барысы:
I. Үй тапсырмасын тексеру
1. Бостандық таңы атты өлеңін жатқа айту
2. Ақын өлеңіндегі жақсы жаман әдеттерді санамалап көрсету
3. Туған елім, туған жерім бөлімі бойынша пысықтау
II. Жаңа сабақ:
1. Ой қозғау
- Сен қайда туып өстің?
- Қазақстан қандай мемлекет?
- Мемлекеттік тіл қай тіл?
2. Мұғалімнің әңгімесі:
Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Ол халық тарихымен бірге жасап, ұрпақтан - ұрпаққа қатынас құралы ретінде қызмет етіп келеді. 1989 жылы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заң қабылданды.
Тіл кай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамда ана сүтімен бірге еніп қалыптасады. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол – атадан балаға қалып отыратын баға жетпес мұра.
3. М. Мақатаев Үш бақытым , Д. Әбілов Туған тілім өлеңін оқып
танысамыз.
4. М. Мақатаевпен Д. Әбіловтің өмірі мен шығармашылығы туралы айту.
Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев (1931 - 1976, шын аты Мұхаммедқали) – қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын. Ол 1931 ж. 9 - шы ақпанда Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Мұқағалидің “Қарлығашым, келдің бе?”, “Дариға жүрек”, “Аққулар ұйықтағанда”, “Шуағым менің”, “Соғады жүрек”, “Шолпан”, “Жырлайды жүрек”, “Өмір - өзен”, ”Өмір - дастан” және т. б. жыр жинақтары, сондай - ақ, “Қош, махаббат!” атты прозалық кітабы да бар.
Әбілев Дихан (26. 12. 1907 жылы туған, қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданы Мойылды қыстауы) — ақын, жазушы. Қазақстанның халық жазушысы. Тұңғыш жинағы “Қуат, өрт” ақынның сыршылдығын, “Шалқыма” поэмасы кең тынысын аңғартты. Әбілевтің соғыс тақырыбына жазған туындылары “Жүректен”, “Тұлға” жинақтарында топтастырылды. өлеңмен жазылған “Алтай асулары” романында мен “Отты толқындар”, “Уақытпен сырласу”, “Миллиард жыры”, “Толғаныс толқындары”, “Дала солдаты” жинақтары бар.
4. Өлеңдерді оқып беру.
5. Оқулықпен жұмыс:
- Өлеңді жеке және хормен оқыту
III. Сергіту сәті
IV. Жаңа сабақты бекіту:
1. Сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беру
А) М. Мақатаевтың Үш бақытым дегені нелер?
- Халық дегеніміз - Қазақстанда тұратын адамдар.
- Елімізде 16 млн - дай халық тұрады.
- тіл дегеніміз адамдардың бір - бірімен қатынас құралы.
Қазақстанда 130 - дай тіл бар.
- Отан – әр адамның туып өскен жері.
Ә) Туған тілім: адам тілі, анам тілі, далам тілі, бабам тілі
1. Отан, тіл, халық туралы мақалдар айту
1. Отан — оттан да ыстық.
2. Отансыз адам,
Ормансыз бұлбұл
3. Отан — қуат, Отбасы — шуақ.
4. Халық айтса, қалп айтпайды.
5. Халық сөзі қаһарлы.
6. Ана тілің алпыс тілге татиды.
7. Ақынның тілі қылыштан өткір.
8. Ат жүйрігі айырады, тіл жүйрігі қайырады.
9. Атағыңды өсіретін де, өшіретін де – тіл.
10. Аузы құлып сандықты тіс ашпаса, тіл ашады.
2. Шығармашылық тапсырма:
Отан, тіл, халық туралы шағын әңгіме айту
3. Қ. Ыдырысов Біз - туған ел баласы өлеңін жаттату
Асыр салған таласып
Біз туған ел баласы
Қандай байтақ Отаным
Жан - жағыңа қарашы
Отаным кең көсілген
Төсінде ырыс өсірген
Қаптаған мал, алып дән
Бәрі менің несібем
Бәрін көріп келеміз
Болашаққа сенеміз
Жақсы оқумен, еңбекпен
Біздер жауап береміз
V. Сабақты қорытындылап, үйден өлеңдерді жаттауға беру, бағалау.