Меню жолы элементтерін ата

Скачать

Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Қайыңды ауылы,
Абай атындағы орта мектепте информатика пәні мұғалімі
Қошқарбаева Гүлзат Қанатқызы

Сабақтың тақырыбы: Кестелерді, суреттерді, бейнені және дыбысты кірістіру. Анимация әсерлерін баптау. Презентацияларды көрсету.
Power Point бағдарламасы

Сабақтың мақсаты: 1) Оқушыларға Power Point бағдарламасы арқылы презентацияларға кестелерді, суреттерді, бейнені және дыбысты кірістіруді, анимация әсерлерін баптауды үйрету, білім - біліктілік қалыптастыру.
2) Оқушылардың компьютерде өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыра отырып, іскерліктерін, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
3) Оқушыларды тиянақтылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ - жауап, ББҮ әдісі, практикалық.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, ағылшын, математика

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру.
ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау.
ІV. Жаңа материалды түсіндіру
V. Жаңа сабақты бекіту.
VI. Бағалау.
VII. Үйге тапсырма беру.

І. Ұйымдастыру кезеңі.
А) Оқушылармен сәлемдесу.
Ә) Оқушыларды түгендеу.
Б) Жұмыс орнының сабаққа дайындығын тексеру.
В) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру.
Үй тапсырмасын тексеру үшін оқушылармен Алтын сандық ойынын ойнаймыз. Қорапта оқушыларға 10 сұрақ кеспе қағаздар арқылы қойылады. Оқушылар таңдау арқылы сұрақтарға жауап береді.
Сұрақтар:
1. PowerPoint - та құрылған файл қалай аталады? (презентация)
2. Презентация ұғымының ағылшынша мағынасы қалай деп аталады? (Present ұсыну деген мағына береді)
3. Слайд дегеніміз не? (көзге көрінетін күрделі объект)
4. Power Point - ті іске қалай қосамыз? (Пуск - Программы - MS Office - MS Office Power Point)
5. MS Office Power Point терезе элементтерін ата (Тақырып жолы, меню жолы, құрал - саймандар панелі, жұмыс аймағы)
6. Меню жолы элементтерін ата. (Файл, Түзету, Көрініс, Кірістірме, Слайдты көрсету, Дизайн, Анимация, Рецензирование)
7. Дайын болған слайдты қалай сақтаймыз?(Файл - Сохранить как командасын орындаймыз. Сол кезде бізге Сохранение документа терезесі шығады құжатты қай жерге сақтайтынымызды көрсетіп, оған атау береміз!)
8. Презентация деген не? (Слайдтардың жиынтығы)
9. Презентация дайындау үшiн колданылатын программа (Power Point)
10. Power Point бағдарламасының кеңейтілімі қандай?(. ppt)

ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау.
Презентация бұл көрсету, баяндама, жобаны, есеп берудi қорғау, жұмыс жоспарын, дайын өнім мен кызмет, енгiзу нәтиженi бакылауды т. б ұсыну.
Слайд дегенiмiз көзге корiнетiн күрделi объект оның құрамына мәтiн, кестелер, графикалык кескiндер, схема, бейнеклип, дыбыс үзiндiлерi мен гиперсiлтемелер кiредi

Толық нұсқасын слайдын жүктеу


Скачать


zharar.kz