Топ ереже жазылған ватман

Скачать

Бұл сабақ жоспарым "Өрлеу" біліктілікті арттыру 3 деңгейлі курсының 7 модуль элементтерін пайдаланып әзірленген.

Тақырыбы: Оралхан Бөкей Тортай мәнер ақ боз ат... (әңгіме).
Сыныбы: 7

Мақсаты: Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдерді қолдана отырып, әңгіменің мазмұнын меңгеруге, талдауға, танымдық қабілетін, сөздік қорларын арттыруға, бір - бірімен жұптаса, топтаса сұхбатқа түсуіне, өз ойын еркін жеткізе алуына бағыт - бағдар беру.
Қолданылған модуль: Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер (диалогтық оқыту, сұрақ қою стратегиясы), Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету (ЖИГСО, Ментальді карта, Венн диаграммасы әдіс - тәсілдері).

Мұғалімнің іс - әрекеті: не істеймін?
1. Ұлттық құндылықтарды негізге ала отырып, оқушыларды 4 шағын топқа бөлу.
І топ: Ұлттық тағамдар
ІІ топ: Ұлттық ойындар
ІІІ топ: Ұлттық киімдер
ІҮ топ: Ұлттық аспаптар
Топ ұстанымын құрғызып, оқушыларды жауапкершілікке шақырады.

Оқушылардың іс - әрекеті
Оқушылар берілген суреттерді алып, шағын топтарға бөлінеді.
Әр шағын топ бірлесе отырып, өз топ ережелерін құрып, таныстырып, тұстарына іледі.

Мақсаты: Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдерді қолдана отырып, әңгіменің мазмұнын меңгеруге, талдауға, танымдық қабілетін, сөздік қорларын арттыруға, бір - бірімен жұптаса, топтаса сұхбатқа түсуіне, өз ойын еркін жеткізе алуына бағыт - бағдар беру.

Оқушылар сабақтың мақсатына өз идеяларын қосады.
Қойылған сұрақтар төңірегінде жеке, жұппен, топпен ақылдаса отырып, өз ойларын сындарлы түрде ортаға салады.

Ресурстар: осы іс - әрекеттер үшін маған қандай құралдар, кітаптар, компьютерлік жабдықтар және т. б. қажет?

Тұсаукесер, ватман, түрлі - түсті қағаздар, интербелсенді тақта, үлестірмелі қағаздар.
Топ ереже жазылған ватман.


Скачать


zharar.kz