Ұлы суретшілердің туындыларымен, пейзаж жанрымен таныстыру

Скачать

Ақтөбе қаласы, Кеңес Нокин ауылы,
Благодар орта мектебінің мектепалды даярлық тобы тәрбиешісі
Жайтуғанова Нұрлыгүл Шауқымқызы

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті бойынша технологиялық картасы.
Білімдік саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Сиқырлы саусақтар
Тақырыбы: Табиғат әсемдігі
Мақсаты: Ұлы суретшілердің туындыларымен, пейзаж жанрымен таныстыру. Туындылардағы әсемдікті сезіндіру, балалардың бойында сурет салуға деген қызығушылықты ояту. Эстетикалық тәрбие беру.
Қостілділік компонент: Табиғат – природа

Тәрбиешінің іс - әрекеті
Балаларға табиғат жайындағы суреттер туралы түсініктер беру.
Пейзаж ұғымымен алғашқы таныстық.
Ұлы суретшілердің есімдерін атау, пейзаждық суреттерді көрсету.
Пейзаж – француз сөзі, ландшафты, табиғатты бейнелеу. Пейзаж дербес жанр ретінде Қытайда, Жапонияда және басқа шығыс елдерінде, сондай - ақ Еуропада дамыған. Пейзаж қайсыбір жерлерді жай ғана айнытпай бейнелей салу емес, онда суретшінің сезімдері мен ойларын берудің үлкен мүмкіндіктері жатыр. Адам өмірімен салыстырып қарағанда табиғат өмірі мәңгілік сияқты болып көрінеді. Пейзаж өнері де әр алуан. Кейбір пейзаждар табиғаттың өмірде бар нақты көрінісін бейнелесе, енді біреулері суретшінің қиялынан туады. Ондай шығармалардың бәрінде де суретшілер табиғаттың мінез - құлқын айнытпай беруге тырысады.


Скачать


zharar.kz